Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қазақстанда нағыз мұсылмандарды қалай дайындайды? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

26.10.2015 3423 0 пікір

Дінге баулитын оқу орнына келгендер арасында жастар баршылық. Исламдық мәдениетке бағытталған мысырлық “Нұр-Мүбәрак” университетінде оқитын студенттер өз оқиғаларын NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.

883A6050

Университет – елімізде исламтанушылар мен болашақ имамдарды даярлайтын жалғаз оқу орны.

Оқу бөлімін басқарушы Әли Әлмұхаметовтің айтуынша, “Нұр-Мүбәрак” түлектері бүгінде сұранысқа ие және оқуды бітіргендердің 100%-ы жұмысқа орналасып үлгерген.

«Исламтану» бөліміне жыл сайын 150 грант бөлінеді.

883A6020

«Біздің университет мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Ол бізге келгенде студенттерге «Балалар, сендер өз тарихтарыңды, тілдеріңді, ұлттық дәстүрлеріңді білулерің керек. Бұл университеттің түлектері Қазақстанда жоғары сұранысқа ие болуы тиіс» деген болатын. Біз президентіміздің кеңесіне құлақ асып, студенттерді өз отанының нағыз патриоты етіп оқытудамыз», – дейді Әлмұхаметов.

883A6355

Діни пәндермен қатар, мұнда өзге оқу орнында оқытылатын міндетті пәндер де қарастырылған.

883A6344

883A6367

Оқу орнының студенттерін қандай да бір киім киюге күштемейді. Оқу бөлімінің басшысы студенттер ең бастысы мәдениеттілікті сақтап, ашық-шашық киінбесе болды деген пікірде.

883A6352

Хиджабты университетте киіп жүру міндеттелмеген. Жастар өзіне ыңғайлы киіммен келе алады.

Алайда студенттердің көбі өз жүрек қалауымен хиджаб киюге бел буған.

883A6062

Жаннұр есімді бойжеткен басын орамалмен орап, жабық киінуді мектеп бітіре салысымен жөн санаған.  Діни отбасында тәрбиеленген ол әпкелерінен үлгі алып, жабық киімге және намаз оқуға көшкен.

Басында филология факультетіне түспек болған ару кейіннен университет туралы біліп, таңдауын өзгертеді.

Жаннұр диплом алып, осында кітапханашы қызметіне орналасты. Жеке өмірі де ретке келген. Діни көзқарастағы құрбылары оны жігітпен таныстырып, екеуі кейіннен некелерін қиған.

Жаннұр хиджаб кигенге жақындары түсіністікпен қарап, тіпті өмірлік серігін табу да әлдеқайда жеңіл болғанын алға тартты.

883A6037

«Мұнда діни көзқарастағы, белгілі өмірлік құндылықтары бар жастар келеді. Олар өз жүрек қалауларымен намазға жығылып, ораза ұстағанды қалайды», – дейді Әли Әлмұхаметов.

883A6151

Сұлтан мен Ермек университетке түспей жатып, дін жолына түскен.

Сұлтан Жаннұр сияқты діни отбасында өсіп, мешітке барған сайын имамдардан білімін тереңдетіп отырған. Кейін Құран оқуды үйренді.

Ермек те жұма сайын мешітке барып, бес уақыт намаз оқиды. Ол намаз оқудың еш ауыртпашылығы жоқтығын алға тартты.

883A6183

Өзге қалалардан келгендер жатақханада тұрады. Өзге оқу орындарындағы жатақханалардан жалғыз айырмашылығы – қыздар мен жігіттер бөлек ғимараттарға жайғастырылған.

883A6373

Қалған жағдайда бәрі қалыпты күйде. Бөлмелер, асүй. Онда студенттер палау әзірлегенді ұнатады.

883A6339

Кішігірім асхана бар. Астында бесік арбаларды да байқауға болады. Бұған себеп – бірінші қабатта отбасылы докторантура және магистратура студенттері тұрады.

883A6328

Университетте шылым шегуге тыйым салынған. Шеккіштердің оқудан шығарылуы да ғажап емес.

883A6369

Дегенмен оқу орнының қызметкерлері ондай жағдай соңғы 15 жыл бойы орын алмағанын айтты!

883A6053

Университетте жігіттерден гөрі қыздар аз. Журналистермен тілдесуге олардың көбі құлшыныс таныта қоймады. Алайда Меруерт есімді ару өз оқиғасын баяндап беруден бас тартпады.

883A6124

«Мен этникалық мұсылман болсам да, ислам қағидаларын тек өткен жылы ғана ұстана бастадым. Бұған дейін мен діннен хабарсыз болатынмын. Өзге жастар секілді қарапайым өмір сүріп келдім. Кейін күйзеліске ұшырағанда дінге қызығушылық таныттым. Алланың қалауымен мен тура жолға түсіп, көбірек білім алуға құлшынысым оянды. Отбасым басында қарсылық танытты. Бастапқы білімім аудармашылық саласында болғасын ата-анам сол мамандыққа жұмысқа орналасқанымды қалады. Бүгінде анам дін жолын таңдағаныма разы», – дейді Меруерт.

883A6130

883A6128

Хиджабты бойжеткен намазға жығылғаннан кейін бірнеше апта өткенде кие бастаған.

«Бастапқыда хиджабсыз жүргенімде жігіттер сыйластық танытпайтын. Ал бүгінде, тіпті өзге дін өкілдері құрметтейтін болды», – деп жалғастырды Меруерт.

883A6138

883A6184

Көкшетаудан келген Темірханды да ата-аналары қолдай қоймаған. Тіпті жігіттің анасы әлі күнге дейін Темірханның ислам университетінде білім алып жатқанынан хабарсыз екен.

Анасы Алматыға жібермей қоятынын түсінген ол филфакқа түстім деп айтқан.

Алайда әкесі бәрін біледі және ұлының таңдауына құрметпен қарайды.

883A6200

«Мен дінге бет бұрғанда ата-анам өзге ағымдарға түсіп кетті деп қуана қоймады. Алайда мен ісіммен, мейірімділігіммен, махаббатыммен тура жолда екенімді дәлелдей алдым. Мектепте шылым шегіп, жаман әдеттерге үйір болатынмын. Бірақ кейін намазға жығылғанда өмірім өзгеріп сала берді. Енді діни көзқарастағы жарымды тапсам деймін», – дейді Темірхан.

883A6217

883A6221

Ал өзге дін өкілі болса да, есімін Сүлейман етіп өзгерткен 23 жастағы Дмитрий бүгінде исламға бет бұрған.

883A6296

«Мен этникалық христианмын. Мені бала кезімде, тіпті шоқындырған. Шіркеуге барып, інжілді де зерттегенмін. Бірақ бұл менің көңілімді көншіте алмады. Кейін діни кітаптардағы сәйкессіздіктерді байқай бастадым. Мәселен Иса пайғамбарды сүндетке отырғызған. Бірақ не себепті христиандар сүндетке отырмайтынын түсінбедім. Осылайша Құранға қызығушылық таныттым», – дейді Сүлейман.

883A6237

883A6305

«Бұған дейін Исламға сыни көзқараспен қарайтынмын. Алайда Құранды оқыған сайын ойым өзгеріп сала берді. Бір қызығы көптеген қазақ достарым Құранды оқымаған», – деп жалғастырды Сүлейман.

883A6271

Отбасындағылар ұлы исламға ойы уланған соң бет бұрды деп ойлаған. Тіпті қазақ қызына үйленгесін өзгерді деп те ойлаған. Алайда жұбайы исламға Сүлейманмен бірге келген.

883A6256

883A6246

«Мен бала кезімнен кәсіпкер болуды армандадым. Енді дін мен бизнесті қатар ұстап, дінді өзгелердің де жүрегіне ұялатқым келеді», – деп болашақ жоспарларымен бөлісті Сүлейман.

Фото Карандашов Петр
nur.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат