Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қажылық-2015: қазақстандықтардың Меккеге қажылық жасауы қалай басталды

17.09.2015 2797 0 пікір

Қажылық – бұл ислам дінінің бес парызының бірі, сондықтан, әрбір дінге сенуші адам қасиетті Мекке қаласына өмірінде бір рет болсын қажылық жасауды армандайды. Биылғы жылы қажылардың арасында болуға біздің тілшіге де мүмкіндік туды. Сондықтан, біздің сайтта сіздер қажылық жасаушы адамның басынан бастап соңына дейінгі жол жүруін бақылай аласыздар.  

Биыл қазақстандықтар үшін қажылық мерзімі қыркүйек айының екінші маусымына тұспа тұс келіп отыр. Қыркүйек айының 11-12 жұлдыздарынан басталды. 2015 жылы өзінің қасиетті борышын шамамен 4600 қазақстандықтар өтемек. 

Сонымен қатар, осы жылы алғаш рет қазақстандықтар үшін Сауд Аравия Әмірліктеріне тікелей рейспен баруға мүмкіндік жасалғанын еске сала кетейік. Бұл мүмкіндікке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ауқымды атқарған еңбегінің нәтижесінде қол жеткізілді. Осылайша, қажылар бес жарым сағат көлемінде Flynas авиакомпаниясының ұшақтарының чартерлік рейстерімен қасиетті жерлерге барады. Өткен жылдары тек жол жүрудің өзіне Түркия немесе Әмірліктерден басқа рейстерге отыру қажеттігінен шамамен 15-16 сағат уақыт кететін.

Сонымен, қасиетті қажылықтың басталуына аздаған уақыт қалды, Мәдина қаласынан 460 шақырым орналасқан Мекке қаласына алғашқы қазақстандықтар жол бастады. Бізде осылайша, қаланың көрікті жерлерін көріп, аралап шығуға шамалы уақыт пайда болды. Біз Пайғамдарымыздың (ﷺ) мешіті – Масжид ан-Наби мешітінің тура жанындағы үйлерге тоқтадық. Бүгін Мәдина қаласында ауа-райы 42℃ көрсетіп тұр.

Осы жерде әрбір мұсылманға қадірлі Пайғамбардың зияраты орналасқан.

Сондай-ақ, бұл жерде оның қызы Фатима және жақын сахабалары жерленген. Жерленген жердің алдында арнайы дұға оқып, оң қолды көтеру қажет, бұл пайғамбарға (ﷺ) деген құрметті білдіреді. Ескі мешіттің алаңы туралы «жердегі жұмақтың кішкентай бөлігі...» деседі...

Өкінішке орай, Пайғамбардың жерленген жеріне әйел адамдарға қатаң белгіленген уақытта ғана кіруге рұқсат береді. Сондықтан, ішіне кірушілердің қатарына қосылу үшін таңертең ерте үлкен кезекке тұруға тура келеді. 

Бұл жерде Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) алғашқы мешітті салды, бірінші ізбасарларына қол жеткізді,  соңғы он жыл өмірін осында өткізген, осы жерге жерленген (суреті төменде, жасыл күмбездің астында. Жасыл түс Пайғамбардың (ﷺ) сүйікті түсі болған) және осы жерден ислам діні тарала бастаған. 

 

хадж 1

Мәдина – бұл ислам дінінің екінші қасиетті қаласы және Пайғамбардың өсиеттеріне бас ұсынған бірінші қала.

Оның басты қасиетті құндылығы – Масжид ән-Наби (Пайғамбар мешіті) мешітінің үлкен кешені, өз кезегінде бұл кешен Пайғамбардың өз үйінің жанында (кейін бұл үй мешіттің бөлігіне айналған) тұрғызған құрылыстың орнына салынған.

Мұсылмандарда адамдарды Жаратушының Үйіне жерлеуге тыйым салынған, дегенмен, пайғамбарлар үшін жанының тыныштығын табу өзінің қайтыс болған жерінде жерлену болып саналады.  

Мешіттің көлемі өте ауқымды, шатырлары бар үлкен ауласы, желдеткіштер, дәретханалар мен 1000 адамнан астам адам дәрет алу мүмкіндігі бар дәрет алу бөлмелері орналасқан, жер асты гаражы бар.

Бұдан басқа, мінажат үйі әлемдегі ең ірі су және электрмен қамтамасыз ету, суыту жүйелерімен толықтай жабдықталған, олар мешіттен 7 шақырым қашықтықта орналасқан.


хадж 2

Мәдинада өзіндің заңдар жүйесі мен қағидалары бар. Бұл жерде ағаштарды кесуге, гүлдерді жұлуға және ағаштардың бұтақтарын кесуге тыйым салынған. Үй емес жануарларға қол тигізуге, яғни өлтіруге болмайды. 

хадж 3

Бұл қалаға келген әрбір мұсылман толық қауіпсіздік жағдайында болады, ешкімнің оған негізсіз тиісуіне құқығы жоқ. Бұл қасиетті жерде соғыс пен өлтіруге тыйым салынған. 

хадж9
Бұрын Мәдина қаласы екі Аус пен Хазрадж араб тайпалары өмір сүрген Ясриб қаласы деп аталған. Мұхаммед пайғамбарға () және оның сахабаларына қауіп төнген кезде және Меккенің саудагерлерін қудалау басталғанда 622 жылы олар Мәдинаға қоныс аударған. Осылайша, ғаламдық торлардың ақпараттарына сәйкес Мәдина тұрғындары Пайғамбарға қалуын өтініп, ішкі тәртіптерін ретке келтіруін сұраған (көпқұдайлықтан бас тартып, жалғыз құдай, Аллаға бой ұсындыру). 

хадж 4

Өзбекстанның қажылары. Қарбалас кезінде бір-бірін жоғалтып алмау үшін әрбір мемлекет өз қажыларына арнайы бір түсті, біріңғай киім үлгісін ұсынады.

хадж5

Пайғамбар мешітін басқаша «Жасыл күмбезді мешіт» деп те атайды. Бұл өсиетті мешіттен кейінгі аса маңызды мешіт болып саналады. Маңыздылығы жағынан үшінші мешіт, ол – Иерусалимдегі әл-Ақса мешіті.

хадж6

Мешіт жанында саны көп адамдар қызмет жасайды, негізінен олардың барлығы сырттан келгендер, олар тазалық жүргізеді, ішкі тазалыққа жауап береді, мешітке кіргендердің сөмкелерін тексереді, су әкеліп береді және т.б. Қазір олар бесін намазына кілемдерді дайындап жатыр. Мешітке барлық намаз оқимын деушілер сыймайды.

хадж7

Мәдина – «қала» деген мағынаны білдіреді. Бұл қасиетті жерді сондай-ақ, «Жарқыраған қала» немесе «Нұрланған қала» деп те атайды.

Ғалымдар бүгінгі күнге дейін әлемнің барлық мұсылмандарының басты негізгі қаласы атауын қай қалаға беру қажеттігі жөнінде әлі нақты шешімге келмеді. Дегенмен, Мекке де Мәдина да барлық мұсылмандар үшін бірдей қымбат екендігін барлығы мойындайтын шығар.

хадж8

Мешіт аумағында су ішетін стақандар қойылған су фонтандары орналасқан, әр минут сайын су толтырылып отырады. Мешіт ішінде зәм-зәм суын қанып ішуге болады, оны-тонналық сегіз машиналармен Меккеден арнайы әкеледі.

хадж10

Тұрғылықты үйлердегі тәрізді мешіттерге де әйелдер кіретін есік бөлек орналасқан. Әдетте 3-4 этажды үйлердің әр этажы екі пәтерден тұрады. Және сол екі пәтер үшін екі кіреберіс жасайды, ерлерге бөлек, әйелдерге кіру есігі бөлек. 

хадж11

Пайғамбарымыздың () мешітінде оқылған намаздың сауабы Масжид әл-Харам (Меккедегі мешіт) мешіт санамағандағы басқа жерлерде оқылған мың намаз оқығанға тең келеді. Бұл жерде жасалған игі істер де мың есе болып көбейеді. 

хадж12

Кейбір хадистерде бұл жерде оқылған намаз басқа жерлерде оқылатын жүз мың намазға тең келеді делінген.

хадж13

Дінге сенбейтін адамдарға қалаға кіруге тыйым салынған.

Мешітті кейде әл-Харам деп те атайды. Негізінен бұл жерлерде «харам» сөзі жиі қолданылады. Мешіт айналасын суретке түсіруге тыйым салынған. Күзеттегі кісі менің суретке түсіріп жүргенімді көріп «харам» деп айғай салды. Бұл әрине күнә дегенді білдірмейді, бірақ тыйым салынған деген мағынаны береді.

хадж14

Бұл сол дәрет алуға арналған дәрет алу бөлмелері.

хадж15

Осы тас орындықтарда отырып дәрет алуға болады.

хадж16

Пайғамбар мешіті бір мезгілде 700 000 адамды сыйдыра алады. Тағы 300 000 адам – мешіт ауласына сыйады. Қаланың тұрғындар саны миллионан сәл жоғарыны құрайды. Яғни, қасиетті қаланың барлық тұрғындарын бір мешітке сыйдыруға болады.

хадж17

Пайғамбар мешітінде оқылған намаз мың намазға теңелгендіктен, бұл жерде намаз оқығысы келетіндердің саны көп. Намаз кезінде бірде бір бос орын болмайды.

хадж18

Кешкісін мешіт ерекше әдемі және көркем.

хадж19

хадж20

Күйдірілген кірпіштен салынған мешіт мұсылман бірегейлігінің бұлжымас үлгісі бола отырып, өзінің көркемділігімен баурап алады. Мрамордан жасалған мешіттің еденіне қол өнермен жасалған кілемдер төселген. 

хадж21

89 кіреберіс есіктері бар мешіттің құрылысын автоматты түрде ашылып жабылатын әр күмбезі 80 тоннаны құрайтын күмбездермен әшекейленген. NUR.KZ интернет-порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына берілген мүмкіндіктер үшін алғысын білдіреді. Мешіт аумағында фото және видеотүсірулерге тыйым салынғандықтан суреттер мобильді телефонға түсірілді.  Жалғасы бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат