Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сарыағаш медресе колледжі

06.03.2019 1301 0 пікір

Сарыағаш медресе колледжінің инфрақұрылымы

    Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Сарыағаш медресе колледжі» жеке мекемесі, ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылы, Аппаз ата көшесі, №1-де орналасқан.

   Тіркеу органы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Әділет департаментінің Сарыағаш аудандық Әділет басқармасы. Тіркелу куәлігі № №1112-1958-12-У-е, 2015 жылы 27 қараша, БСН 130140003380

   Мемлекеттік лицензияны берген орган: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі. Лицензияның берілген күні: 28.01.2016 ж, № KZ35LAA00006458.

Материалдық-техникалық базасы

          Оқу корпусы 2 қабаттан және цоколмен қатар қызметтік құрылыстардан  тұрады, құрылыс ауданы 2907,8 ш.м2., жалпы алаңы 4810,6 ш.м2.  Бірінші қабатта – оқу аудиториялары, әкімшілік және оқытушылар бөлмелері, медициналық пункт, компьютер сыныбы, библиотека, санитарлық торап, екінші қабатта – оқу аудиториялары, жатын бөлмелер, санитарлық торап орналасқан. Цоколда асхана, монша, себезгі кабиналар, киім шешетін бөлме (гардероб), қойма.

          Оқу корпусы оқу үдерісіне қажетті жихаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Сонымен қатар бос уақытта көру үшін 1 теледидар бар. Медресе асханасында (тегін) күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

 

Оқытушылардың құрамы

Медреседе 34  оқытушы сабақ береді. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр елінің «Әл-Әзхар» университетінің арасындағы келісімшарт негізінде келген 2 араб оқытушы сабақ береді. 6 оқытушының магистрлік дәрежесі бар. Оқытушылардың барлығы жоғары білімді. Оқытушылардың білімі, мамандану деңгейі жүйелі білім беру талаптарына сай, мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді.

- Оқу ғимаратының жанында  арнайы студенттерге  арналып салынған 450 ш.м2 жасанды көгалдарндырылған, төбесі  жабық футбол алаңы бар.

- медициналық пункт – 67,1 ш.м2;

- асхана 380  орындық ас ішетін залы бар, жалпы ауданы  73,2 м2;

- биология  кабинеті 49,0 м2

- кітапхана жалпы ауданы 42 м2,  кітап қорының  саны 11300  дана;

- арнайы пәндер кабинеті 56 м2

-компьютер сыныбы– 85,7 м2, колледж медреседе барлығы  32 компьютер,  оның 32 бірлігі компьютер сыныбында   және  олардың барлығы  интернет желісіне қосылған.

Әкімшілік бөлмесі - 39,2 м2

  • Оқу ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан жатын бөлме саны- 55, жалпы  ауданы- 1164,7 м2.

Медресе колледжінің жанында орналасқан «Таяқты Ешан» мешітінде студенттер оқу-өндірістік тәжірибені өтеді.

Басқа да тұрмыстық жайлары

  • ыстық және суық сумен қамтамасыздандырылған
  • оқу ғимараты мен құрылымдардың жылыту жүйесі – пешті (табиғи газбен)

Монша және кір жуу кешені

  • санитарлық торап барлығы 16,4 м2 - 11 кабина;

  • кір жуатын бөлме 43,7 м2

 

- спорттық тренажер алаңы 97,6 м2

- монша барлығы 123,3 м2 оның ішінде 4 киім шешетін орын, 6 себезгі кабинасы және от жағу бөлмесі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру