Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Орал медресе колледжі

28.02.2019 597 0 пікір

 

Орал медресе колледжінің инфрақұрылымы

 

Оқу  орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Орал» медресесі жеке мекемесі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 22-үйде орналасқан.

Тіркеу органы: Орал қалалық Әділет басқармасы. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, 2017 жылы 17 сәуір, БСН 090440006564

Мемлекеттік лицензияны берген орган: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі. Лицензияның берілген күні: 05.03.2013 ж, № 13003435.

 

 

 

 Материалдық-техникалық базасы

 

    Оқу корпусы 2 қабаттан және цоколмен қатар қызметтік құрылыстардан  тұрады, құрылыс ауданы 308,5 ш.м2., жалпы алаңы 747,1 ш.м2.  Бірінші қабатта – әкімшілік және оқытушылар бөлмесі, медициналық пункт, есепші бөлмесі, асхана, аспазхана, санитарлық торап, себезгі кабиналар, екінші қабатта – оқу аудиториялары, жатын бөлмелер орналасқан. Цоколда киім шешетін бөлме (гардероб), қойма, мәжіліс залы, кітапхана, компьютер сыныбы.

 Оқу корпусы оқу үдерісіне қажетті жихаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Сонымен қатар бос уақытта көру үшін 1 теледидар бар. Медресе асханасында (тегін) күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

 

Оқытушылардың құрамы

Медреседе 10 оқытушы сабақ береді, барлығының  білімдері жоғары. Оқытушылардың білімі, мамандану деңгейі жүйелі білім беру талаптарына сай, мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді.

 

 - медициналық пункт – 13,3 м2

 

- асхана 50 орындық ас ішетін залы бар, жалпы ауданы  38,2 м2;

 

 

 

 - арнайы пәндер кабинеті 49,7 м2

  

 

- кітапхана жалпы ауданы 31,6  м2 ,  кітап қорының  саны 6249 дана;

 

 

  • гуманитарлық пәнер кабинеті 32,8 м2

 

  • компьютер сыныбы– 40,5 м2 , колледж медреседе барлығы  8 компьютер,  оның 6 бірлігі компьютер сыныбында   және  олардың барлығы  интернет желісіне қосылған.

 

  

  • әкімшілік және оқытушылар бөлмесі бар 36,3 м2

 

 

  • төменгі баспалдақ – 15,3 м2

  

  • Оқу ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан жатын бөлме саны- 3, жатын орнынның саны - 60, жалпы  ауданы- 86,7 м2.

 

  • спорттық тренажер бөлмесі - 22,0 м
  • демалыс бөлмесі - 20,8 м2

 

  • Медресенің жанында орналасқан «Тәжиден Батырұлы» мешітінде студенттер оқу-өндірістік тәжірибені өтеді.

 

 

басқа да тұрмыстық жайлары

  • ыстық және суық сумен қамтамасыздандырылған
  • оқу ғимаратымен құрылымдардың жылыту жүйесі – орталықтандырылған газ

 

 

монша және кір жуу кешені

  • санитарлық торап барлығы 6,2 м2 - 5 кабина;

 

 

  • себезгі кабиналары барлығы 4,0 м2 - 4 кабина;

 

 

  • кір жуатын бөлме дәретханамен бірге 24,9 м2

 

  • киім ілетін орын 1 жеке бөлме барлығы – 31,1 м2

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру