Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Әділбаев Алау Шайқымұлы

Әділбаев Алау Шайқымұлы

1972 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келді.

Ph.D, магистр ғылыми дәрежелері бар.

Білімі мен біліктілігі:

1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығыстану факультетін «Дінтанушы», араб тілінің мұғалімі, философия бакалаврі мамандықтары бойынша аяқтап шыққан.

1997 жылы «Көне түркі халықтарының Тәңір түсінігі және Құрандағы Алланың сипаттамасы» тақырыбы бойынша магистрлік жұмысын қорғап, магистр дәрежесін алды.

2002 жылы Анкара университетінің гуманитарлық ғылымдар институтынан «Теология» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды.

Еңбек жолы:

2002 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, 2005 жылдан «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінде оқытушылықпен айналысты.

2006 жылы Алматы қаласының Әділет басқармасында әуелі бас маман, соңынан дін істері бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Сол жылы «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды. «Нұр Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің доценті, «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі.

2017 жылдың желтоқсанынан бастап ҚМДБ-ның төраға орынбасары, Наиб мүфти қызметін атқарды.

Қазіргі таңда ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі. 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, Наиб мүфти қызметтерін атқаруда.