Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сәбит Ибадуллаев Замаддинұлы

Сәбит Ибадуллаев Замаддинұлы

1973 жылы 11 шілдеде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1990 жылы ауылдағы қазақ орта мектебін тәмамдаған соң Қызылорда педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетіне түскен.

1993 жылдың аяғында Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының жолдамасымен Мысыр Араб Республикасындағы әл-Азхар университетіне оқуға барған. Осы оқу орнының дайындық курсы, діни институты және араб филологиясы факультетінен тұратын толық оқу бағдарламасын 2004 жылы аяқтап шыққан. 2006 жылы елге оралған соң Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінің сырттай бөлімін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2006-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Нығмет» баспа үйінде аудармашы-редактор.

2007-2009 жылдары «Ғибрат» баспа үйінде бас редактор қызметтерін атқарған.

2009 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне қарасты «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК-ң  Алматы қаласындағы филиалында қазақ тілі нұсқаушысы болып жұмыс істеген.

2009 жылдың қараша айы мен 2010 жылдың сәуір айы аралығында Қызылорда қаласындағы «Нұр» газетінде редактордың орынбасары қызметін атқарған. 2010-2013 жылдар аралығында жеке ғылыми, аударма жұмыстарымен айналысқан.

2013 сәуір айынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Иман» журналының редакторының орынбасары қызметін атқаруда әрі басқарманың кітаптарын шығаруға ат салысуда.

Сонымен бірге «Нұр-Мүбарак» университетінің магистратурасында оқуын жалғастыруда.

Отбасылық жағдайы: үйленген.

Жазған, аударған еңбектерінің тізімі:

1.  Айттар және айтулы күндер

2.  Ақидалық тұғыр

3.  Алапес, таз және соқыр

4.  Алдаспан дұғалар

5.  Алла кепілдікке жеткілікті

6.  Алла Тағаланың 99 көркем есімі

7.  Алла үшін сүю

8.  Алтын көмбе

9.  Ардақты аналар

10.  Аруақтар арманы

11.  Аспаннан шыққан дауыс

12.  Балаға ат қою

13.  Баталар

14.  Ел болам десең, бесігіңді түзе

15.  Ең қайырлысы

16.  Жаратылыс ғажайыптары

17.  Жеті нәпіл намаз

18.  Жүз бір дұға

19.  Жын-шайтан өрмектері

20.  Зират пен ғибрат

21.  Иманды бала

22.  Ислам ғұламалары

23.  Исламдағы әйел хұқығы

24.  Кемедегінің жаны бір

25.  Кесірлі күштермен күрес

26.  Күнәның зардаптары

27.  Қабір зиярат ету әдептері

28.  Қайтар күнге дайындық

29.  Қайырымды кісі

30.  Қара зере

31.  Қарыз және одан құтылу жолдары

32.  Құран Кәрім қиссалары

33.  Құран құрметі және хатым туралы

34.  Құран хатым дұғасы

35.  Қырық хадис және қырық құдыси хадис

36.  Қысқа сүрелер тәпсірі

37.  Мұғжизалар, иләһи кереметтер

38.  Мұсылман хағы хақында сексен хадис

39.  Мүмін әйелдер

40.  Нағыз нұрнама дұғалары

41.  Намазды ықыласпен оқудың 41 шарты

42.  Отызыншы пара, Ясин, Мүлік және хатым дұғасы

43.  Өткір қылыш

44.  Пайғамбар өмірбаяны

45.  Садақа беруші

46.  Тура жол тапқан тұлғалар

47.  Үлкен күнәлар

48.  Фиқһ мәселелері

49.  Ханымдар хақында 100 хадис

50.  Хикметті хикаялар