Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Халал Даму ЖШС

Елжанов Ануар Ізімбайұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» ЖШС директоры.

03.01.1979 жылы Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауылында дүниеге келген.

Білімі: 

2000-2004  жылдары Шымкент қаласы « Өтес батыр» атындағы медресенің «Исламтанушы, имам хатиб» мамандығын алып шықты.

2007-2011 жылдары  Алматы қаласы «Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті» университетін бітірген.

2010 жылы  Мысыр Араб республикасы Александрия қаласы «Әбу Бәкір сыддық» атындағы араб тілін дамыту орталығында екі ай  білім алған.

2012-2014 Алматы қаласы «Нұр-Мүбәрәк Египет  ислам мәдениеті» университеті магистр дәрежесін алып шықты.

2013 жылы  Мысыр Араб республикасы Каир қаласы «Ніл» араб тілін дамыту орталығында 6-ай  білімін жетілдірген.

2013  жылы Малайзия мемлекеті  Куала Террингано қаласы «Сұлтан Зәйнал Әбидин» атындағы ислам университетінде бір ай  білім алып шыққан.

Еңбек жолы:

2004-2006  жылдары Түркістан облысы Шардара ауданы Қазақстан ауылы «Сары-Амангелді» мешітінің бас молдасы қызметін атқарған.

2006-2014 жылдары  Алматы қаласы «Заря востока» мешітінің бас имамының міндетін атқарушы болып қызмет етті.

2014-2015  Алматы қаласы Медеу ауданы «Арафат» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

2015-2017 ҚМДБ  Халал Даму ЖШС Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі.

2017-2019 ҚМДБ  Халал Даму ЖШС директор орынбасары.

2019 ҚМДБ  Халал Даму ЖШС директоры қызметіне тағайындалды.

Отбасылы.