Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти

 

Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы

1975 жылы 7 маусымда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Мамандығы исламтанушы, заңгер. Шет тілдерінен орыс, араб және түрік тілдерін еркін меңгерген.

Білімі:

1992-1997 ж.ж. Түркия Республикасының Стамбұл муфтиятының медресесін тамамдаған.

2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

27.08.1997 – 20.08.1999 жылдары Павлодар қаласындағы Павлодар облыстық орталық мешітінің араб тілі пәнінің мұғалімі.

01.09.1999 – 24.12.1999 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық орталық мешітінің араб тілі пәнінің мұғалімі.

30.12.1999 – 11.04.2001 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық әкімдігінің діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі облыстық бөлімнің бас маманы.

11.04.2001 – 09.07.2002 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл-имамы, Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық орталық мешітінің бас имамы.

21.08.2002 – 01.12.2002 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық әкімдігінің діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі облыстық бөлімнің бас маманы.

05.01.2003 – 01.04.2005 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық ішкі саясат департаментінің саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен байланыстар бөлімінің бас маманы.

01.04.2005 – 16.10.2005 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе мешіті» ҚҚ директорының консультанты.

17.10.2005 – 13.06.2006 жылдары жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық ішкі саясат департаментінің саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен байланыстар бөлімінің бас маманы.

14.06.2006 – 17.01.2007 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе мешіті» ҚҚ директорының орынбасары.

17.01.2007 – 19.05.2011 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл-имамы, Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» орталық мешітінің бас имамы.

27.06.2008 – 19.05.2011 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» медресесінің директоры.

21.07.2011 – 06.09.2011 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарғалы ауданындағы бас маманы.

06.09.2011 – 11.01.2012 жылдары ҚР Дін істер агенттігінің Ақтөбе облысындағы Дін істері департаментінің бас маманы, директор міндетін атқарушы.

11.01.2012 – 01.07.2013 жылдары ҚР Дін істер агенттігінің Ақтөбе облысындағы Дін істері департаментінің директоры.

01.07.2013 – 11.01.2017 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы.

12.01.2017 - 15.02.2017 ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы.

15.12.2017 жылдан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, Наиб мүфти болып тағайындалды.  

Мемлекеттік наградалары, құрмет дәрежесі:

2008 жылы «Шапағат» медалімен марапатталған.

2001 жылы «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалдармен марапатталған.

Үйленген: 4 баласы бар.