Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Дін істері және талдау бөлімі

ЕСМАҒАНБЕТ НҰРБЕК ӘУЕСХАНҰЛЫ

1977 жылы желтоқсанның 3-інде Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Алматы Ислам институтын тәмәмдап, Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы»  мешітіне имам болып тағайындалған.

2005 жылы «Дарын» университетінің «Тарих және география» факультетін бітірген.

2007 жылы Алматы орталық мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалған.

2009 жылдың 10 шілдесінен бастап ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұйрығымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі және «Иманғали» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

2012 жылы ҚМДБ-ның Зекет қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды.

2013 жылдың 18 қаңтар күні Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің шешімімен Алматы қаласының бас имамы болып тағайындалды.

2018 жылдың 19 қаңтарынан бастап Бас мүфти Серікбай қажы сатыбалдыұлы хазреттің шешімімен ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2005 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2007 жылы Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және осы жылы Қарқаралы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар, 2011 жылы Атырау облысының Әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Ал, 2009 жылы Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің Алғыс хатымен марапатталған.

Жанұялы. Жұбайы, 5 перзенті бар.