Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

Мұсабек Ақтамберді

1972 жылы 25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы,  Түлкібас ауданы, Рысқұл ауылында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1993-1994  жылдары Шымкент қаласы «Қошқар ата» (қазіргі Дәуітұлы Шыңғысбай қажы) мешітінде  діни сауатын ашты.

1994-1996 жылдары Алматы қаласындағы орталық мешіттің жанындағы ҚМДБ-ның Ислам институтын бітірген.

1998-2004 жылдары Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетінің араб тілі бөлімінде оқып, араб тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2005-2007 жылдары Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «философия және саясаттану»  факультетінің дінтану бөлімінде «Қазақ халқы салт-дәстүрінің ислам дінімен байланысы» атты тақырыпта академиялық деңгейде магистрлік диссертациясын  қорғады.

Еңбек жолы:

1997-1998 жж. Алматы орталық мешітінде көмекші имам ретінде бастаған.

2004-2005 жж. Шымкент қаласындағы «Қошқар ата» мешітінде наиб имам.

2008-2009 жж. Шымкент қаласындағы «Ислам жолы» мешітінде бас имам. Оңтүстік Қазақстан облысы өкіл имамының көмекшісі.

2009-2011 жж. Қызылорда облысының өкіл имамы.

2011-2016 жж. ҚМДБ-ның Діни істер бөлімінің меңгерушісі. 

2016-2018 жж. Алматы қаласы, Жетісу ауданы, «Амин» мешітінің Бас имамы.

2018 жылы қазан айынан, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары,  ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілінің бірінші орынбасары қызметтерін  атқарды.

2018 жылдың қараша айынан бастап ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілі, "Қожа Ахмет Яссауи" мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Отбасылы, 3 қыз, 1 ұлы бар.