Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы 

1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Білімі мен біліктілігі:

1992 жылы Өзбекстан Республикасы Әндіжан қаласы «Сайд Мухиддин Махдум» медресесінде білім алған;

1996 жылы Ташкент қаласындағы «Имам Бухари ислам институтының» «Исламтанушы», «Имам хатиб», «Араб тілі мұғалімі» біліктіліктері берілді;

2012 жылы «Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университеті» «Философия және саясаттану» факультетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистранты;

Диссертация тақырыбы: «Жеке тұлғаның қалыптасуындағы исламның моральдық маңызы»;

2016 жылы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты;

Диссертация тақырыбы: «Қазақстандағы ислами білім: тарихы, қазіргі күйі және даму келешегі»

Еңбек жолы:

1996-1998 ж. ОҚО Сарыағаш ауданы, Түмен ата мешітінің бас имамы;

1998-2003 ж. ОҚО Сарыағаш ауданы, М.П.Окороков атындағы орта мектептің араб тілі мұғалімі;

2003-2005 ж. ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің референті;

2005 ж. Алматы қаласы, Нұр Мүбарак мешітінің Бас имамы;

2005 ж. Сәуір айынан Астана қаласы С.Ғылмани мешітінің Бас имамы;

2013 ж. Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы.

2014 ж. Қаңтар айынан бері ҚМДБ-ның діни білім және ғылым (қазіргі таңда діни білім және кадр дайындау) бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы қызметтерінде болды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы қызметін атқаруда.

Біліктілікті арттыру курстары:

«Білім мен біліктілікті жетілдіру курсы» (ҚМДБ, Астана қаласының өкілдігі, 2012), «Зайырлы мемлекет және дін» (Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2012), «Біліктілікті арттыру курсы», (Алматы қаласы, «Нұр-Мүбарак» университеті, 2014), «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педагогі» тақырыбындағы оқытушылардың  біліктілігін арттыру курсы (Астана қаласы, 2017).

Еңбектері:

Мұхаммад Ашиқ әл-Барна. Тасхил әд-Дарури (Шариғат мәселелері) кітабының араб тілінен аудармасы,  2005 ж.;

«Рухтың шамшырағы» имамдарға арналған жұма уағыздарының жинағы, 2008 ж.;

«Ислам ақидасы» діни оқу орындарына арналған оқулық, 2011ж;

Ортағасырлық араб-мұсылман ғалымы Әбу Хамид әл-Ғазалидің шығармаларындағы «Көркем мінез» мәселесі. – Астана, 2011ж: «Ғылым және білім ғасыры» атты ғылыми жұрналы;

«Құрандағы мораль мәселесі» – Астана, 2012ж. «Зерттеуші» ғылыми жұрналы;

ҚР БҒМ 2015 жылғы тамыздағы № 3 хаттамасымен бекітіліп, ҚМДБ оқу орындарында қолданысқа енгізілген «0112000–ИСЛАМТАНУ» мамандығы бойынша Техникалық және кәсіптік білімнің эксприменттік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларының авторы;

ҚР БҒМ 2018-2019 оқу жылы ҚМДБ оқу орындарында қолданысқа арналған «0112000–ИСЛАМТАНУ» мамандығы бойынша Техникалық және кәсіптік білімнің типтік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларының Бас сарапшысы;

100-ге жуық әртүрлі діни-ағартушылық,танымдық тақырыптағы мақалалардың авторы.