Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНІҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы

15.02.1985 жылы қазіргі ШҚО Семей қаласында дүниеге келді.

Білімі мен біліктілігі:

1991-2002 жж аралығында ШҚО қазіргі Үржар ауданы, Көктерек ауылдық орта мектебін бітірді;

2002-2004 жж, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін;

2004-2008 жж, «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін;

2008-2009 жж, аралығында Алматы қаласында орналасқан «Имамдар» институтын;

2009-2011 жж Шет тілдері іскерлік карьера университетінің дінтануын;

2011-2013 жж, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің магистратурасын тәмамдап шықты.

Еңбек жолы:

2008-2011 жылдар аралығында ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы орталық мешітінде ұстаздық қызметте болды.

2013 жылдың шілде айынан бері, Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша I-наиб имамдық қызметін атқарып келді.

2017 жылдың, 21 қыркүйек айында, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының №1885 бұйрығымен Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы және Талдықорған қаласындағы аймақтық орталық «Иман» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Осы уақыт аралығында басқарған салалары:

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамның І-орынбасары;

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша жастар ісінің өкілі;

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша халал бөлімінің өкілі;

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі;

ҚМДБ Алматы облысы бойынша ресми саиты, «TAGLYM.KZ» саиты мен соған қарасты әлеуметтік желілердің жауапты администраторы;

Бұған қосымша:

Алматы облысы бойынша құрылған АТК (антитеррор.комитет) мүшесі;

Алматы облыстық, ЖАНТ (Жергілікті Ақпарат Насихат Тобы) мүшесі;

Отбасылы, үш қыз, екі ұлы бар.