Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

СӘБИТ ҚУАНЫШ ЖҰМАБАЙҰЛЫ

1977 жылы дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1994-1996 жылдары Ақмола мешіт-медресінде оқыған.

2003 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру институтында білімін жетілдіріп, 2009 жылы Көкшетау қаласында Мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіру курсын тәмамдаған.

2010 жылы Түркия Республикасы, Болу қаласы, «Bolu Egitim Merkezi» оқу орнының арнайы курсын, 2010-2012 жылдары Степногорск қаласындағы Әлеуметтік гуманитарлық колледжінде «Құқықтану», 2012-2015 жылдары Көкшетау қаласындағы Көкше академиясының «Заңгер» мамандығын тәмамдаған.

«Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің  бакалавриаты.

Еңбек жолы:

1996 ж - 2015 ж аралығында Ақмола облысы Степногорск қаласының мешітінде бас имам қызметін атқарған.

2015 жылдың қараша айынан бастап 2017 жылдың мамыр айы аралығында Астана қаласы Әлжан ана мешітінде бас имам қызметін атқарып абыраймен атқарып келген.

2017 жылдың мамыр айынан бастап ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі және облыстық орталық «Науан Хазрет» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Марапаттары:

Қазақтан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медальімен марапатталған.