Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы

1983 жылы 17-мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1990-2000 жылдары аралығында Жаңақорған ауданындағы №125 С. Сапарбеков атындағы қазақ орта мектебінде білім алған.

2000-2001 жылдары Түркістан қаласындағы «Хасан Оралтай» атындағы медресесінде тәлім алған.

2001-2002 жылдары Шымкент қаласындағы «Қамар» атындағы медресесінде оқыған.

2002-2005 жылдары Алматы қаласындағы «Таугүл» медресесін тамадаған.

2005-2006 жылдары Стамбул қаласындағы «Стамбул муфтиятында» білім алған.

2006-2014 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің тарих факультетінде оқыған.

Еңбек жолы:

2006 жылы жұмыс тәжірибесін Шымкент қаласындағы «Қамар» медресесінде ұстаздықтан бастаған.

2006 жылы ОҚО облысы Шаян ауданынындағы медреседе ұстаздық қызмет атқарған.

2007 жылы Тараз қаласындағы медреседе ұстаздық еткен.

2007-2008 жылдары Алматы қаласындағы Сайран медресесінде ұстаз болған. 2008 жылы Ақтөбе қалалық мешітінде азаншы қызметін атқарған.

2008 жылы қыркүйек айынан Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде найб имам қызметін атқарды.

2009-2011 жылдары Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық мешітінде бас имам болған.

2011 жылдан 2015 жылдың қазан айына дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде бас имам қызметін атқарды.

2015 жылдың қараша айының 12-нен бастап, Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Үйленген, екі баланың әкесі.