Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы

01.07.1978 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1985-1994 Физика- математика лицей-интернатын бітірген.

1994–1998 ж.ж. – Өзбекстанның Әндижан қаласындағы «Саид Мұхиддин Махдум» медресесін «имам хатиб және ұстаз» мамандығын бойынша тәмамдаған. 

1998–2001 ж.ж. – Пәкістан Ислам республикасы, Исламабад қаласындағы қарилар даярлайтын мектепте оқыған.

2015-2017 жж. Алматы қаласы, «Шет тілдер және карьера» университетінің магистрі.

Еңбек жолы:

2002 жылы – Алматы орталық мешітінде азаншы.

2004 жылы – Алматы орталық мешітінің найб имамы.

2003-2008 жылдар аралығында ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімдерін жетілдіру Ислам институтында Құран және тәжуид сабақтарынан сабақ берген. Сонымен қатар, Алматы орталық мешітіне қарасты қарилар даярлайтын мектептің жетекші ұстазы.    

2011 ж. – Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде бүгін де өкіл имам қызметінде.

2013 жылы – Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресесіне директоры болып тағайындалды.

Біліктілігі:

2002 жылы – Үндістанда өткен дүниежүзілік Құранды жатқа қырағаттап оқу сайысында ІІ-орынды иеленген. 2003-2005 жылдары Малайзияда, Ливияда Құранды мәнерлеп жатқа айтудан өткен жарыстарға да қатысқан.

Марапаттары:

2014 ж. – Шапағат медалымен және Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының құрмет граматасымен марапатталған.