Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ЭСТАФЕТАНЫ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІГЕ ЖОЛДАДЫ (ВИДЕО)

31.07.2019 109 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан игі үрдіске үн қатты.

Бас мүфти бұл эстафетаны Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші орынбасары, белгілі ақын Ақберен Елгезектен, дінтанушы-ғалым Кеңшілік Тышқанұлынан, танымал әнші Алтынай Жорабаевадан қабыл алып, А.Құнанбайұлының өсиетті өлеңдерінен үзінді оқыды.

Дәстүрге сай, эстафетаны көрнекті шығыстанушы-ғалым, профессор, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры Әбсаттар хазірет Дербісәліге, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлына, «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, профессор Марат Байділдәұлы Тоқашбаевқа жолдады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру