Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ХАБАР 24 АРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ (ВИДЕО)

18.06.2019 188 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Хабар 24 арнасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында Бас мүфти:

«Ғұламалар жақсы қоғам құрудың төрт негізін атаған. Бірінші – ғалымның білімі, екінші – патшаның кеңдігі мен әділдігі, үшінші – бай-дәулетті адамның жомарттығы, төртінші – бұқара халықтың дұға-тілегі.
Демек, ғалым білімін қоғамға жайып, жастарды ғылымға үйретсе, патша халыққа кеңшілік жасап, қоғамда әділдік орнатса, бай кісі қолындағы байлығымен бөлісіп, жомарттық жасаса, ал халық дұғагөйлігін танытса, сонда ол қауымның берекесі артып, бірлігі жарасады.
Осы құндылықтар үйлесімін тапқан кезде ғана жақсылықтардың есігі ашылады. Бұл төрт негіз – мығым төрт таған іспетті. Егер, бірі бұзылса, қалған үшеуі әлсірейді», – деп атап өтті.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру