Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

11.03.2019 353 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Орталық мешітте жұма уағызын айтып, жамағатпен жүздесті.

«Салиқалы әйелдің сипаты» тақырыбында насихат айтқан Серікбай Сатыбалдыұлы:

«Қасиетті Құранда әйелдерге арналған «Ниса», «Мәриям» деп аталатын арнайы сүрелер бар. Бұдан бөлек, Алла Тағала «Талақ», «Тахрим», «Ахзаб», «Нұр», «Мұмтахина» сүрелерінде де әйелдің мәртебесін, оның құқықтары мен міндеттерін ашық баяндаған. Біз бұл сүрелер мен аяттардан Ислам дінінің әйел қауымына қаншалықты көңіл бөлетінін анық аңғарамыз. Әбу Узайна әс-Садфи (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Әйелдеріңнің ең жақсысы – күйеуін жақсы көретін, жиі бала туатын, ерін мақұлдайтын әрі оған бойұсынатын әйелдер...» Алла Тағала салиқалы әйелдерге көптеген игіліктер нәсіп етеді. Себебі, Жаратушы Иеміз әйел кісінің күйеуіне бағынуы мен еріне деген жақсы қарым-қатынасының есесіне үлкен сауаптар әзірлеп қойған», – деп атап өтті.

Жұма уағызынан кейін Бас мүфти жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру