Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ: БІЗДІ ОРТАҚ ТАРИХЫМЫЗ ЖАҚЫНДАСТЫРА ТҮСЕДІ (ФОТО)

11.03.2019 325 0 пікір

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Мысырдың Мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталық директоры, доктор Ранда Махмұд Ризк ханыммен кездесті.

Мейман Бас мүфтиді Египет Араб Республикасы Президентінің І дәрежелі орденімен марапатталуымен құттықтады. «Бұл Сіздің Ислам дініне, білім мен ғылымға қосқан еңбегіңіздің жемісі. Айтулы тарихи оқиға Мысыр мен Қазақ елі арасындағы рухани-мәдени байланысты одан әрі нығайта түсті деп есептеймін», – деді Ранда Махмұд Ризк.

Өз кезегінде Серікбай қажы Ораз:

«Қазақстан мен Египет Араб Республикасы арасында бұрыннан қалыптасқан бауырлық қарым-қатынас бар. Бұл байланыс тәуелсіздік алған жылдардан кейін одан әрі нығайды. Бізді ортақ тарихымыз жақындастыра түседі. Қазір екі елдің мүфтияты арасында әріптестік байланыс орнаған. Біздің имамдар жыл сайын Каирдегі әйгілі әл-Әзһар университетінде білімін шыңдайды», – деп атап өтті.

Кездесу барысында Бас мүфти мейманға «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты тарихи-танымдық кітабын таныстырып, қазақ топырағында бой көтерген мешіттер мен медреселер жұмысы жайлы әңгімелеп берді.

Басқосу соңында тараптар рухани-мәдени һәм діни бағытта ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру