Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ƏКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

27.09.2018 492 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз ресми жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлын қабылдап, өңірдегі діни ахуал туралы сұхбаттасты.

"Құрметті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, шақыртуымызды қабыл алып, халықаралық конференцияға қатысуға келісіміңізді бергеніңізге алғысымды білдіремін. Ақжайық өңіріне қош келдіңіз. Бүгінде Батыс Қазақстан облысындағы діни ахуал тұрақты. Өңірімізде имамдар белсенді қызмет етуде. Дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесі толық шешілген. Қазір дəстүрлі емес дін жолында жүрген азаматтарға кешенді түсіндіру шараларын жүргізіп келеміз", - деді Алтай Сейдірұлы.

Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ақжайық өңіріндегі дін қызметкерлерінің толыққанды жұмыс істеуіне қолдау көрсетіп, олардың əлеуметтік мəселесіне назар аударып отырған Алтай Сейдірұлына алғысын жеткізді.

"Расында, біздің ортақ мақсатымыз - халықты ағарту, жастарды отансүйгіштікке тəрбилеу, дініміз бен дəстүрімізді насихаттау, өскелең ұрпақты біздің діни танымға жат ағымдардың ықпалынан сақтау. Осы бағытта əкімдікпен бірлескен игі жобаларды жүзеге асыра береміз деген сенімдемін", - деді Серікбай Сатыбалдыұлы.

Кездесу соңында тараптар діни, рухани саладағы ізгі іс-шараларды бірлесе атқарауға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру