Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ - ЕСЕТ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІНДЕ (ФОТО)

27.09.2018 586 0 пікір
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына жасаған сапары аясында Алға ауданындағы Есет батыр мемориалдық кешенінде болды.
 
Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері мемориалдық кешеннің жұмысымен танысып, мұражайды аралап, батыр бабамыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
 
Есет батыр - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырлардың бірі.
 
Бұл – қазақтың даңқты батыры Есет Көкіұлының сүйегі жерленген қасиетті орын. Бес тамақ ауылының шығысындағы биік төбеге Есет Көкіұлына 1750 жылдары кесене тұрғызылған.
 
Биік төбе басындағы Есет батырдың жаңа кесенесі 1992 жылы ержүрек бабамыздың туғанына 325 жылдығын атап өту қарсаңында тұрғызылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру