Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

01.09.2018 391 0 пікір

Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет Шымкент қаласы Орталық мешітінде «Дін және зайырлы мемлекет» тақырыбы бойынша жұма уағызын жүргізді.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет уағыз айту барысында елдің бірлігі, тыныштығы, заңға және басшыға бағыну сынды асыл қасиеттерді айта келе «Атазаң - адамдардың тілі мен дінін, ұлты мен ұлысын алаламай, бəріне бірдей тең құқық беретін басты құжат. Ендеше, Атазаңымызды ардақтап, оның талаптарын орындау - барша азаматтың асыл борышы, мызғымас міндеті.», - деді.

Қасиетті күннің жұма намазынан соң Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Жаратқаннан жақсылық тілеп, дұға жасап, бата-тілектерін арнады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру