Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

19.03.2018 790 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы Серікбай қажы Ораз аймаққа жасаған іс-сапары барысында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен кездесті.
Облыс әкімдігінің ғимаратында өткен кездесу барысында Бас мүфти 7 жылдан бері осы өңірдің бас имамы болып келген Нариман қажы Исеновтың Астанаға ауысатындығын тілге тиек етті.

«Ол кісі "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде 7 жылдан бері имамдық қызметін атқарып келеді. Оны Астанадағы бас имамның орынбасарлық қызметіне шақырып отырмыз. Нариман қажының орнына осы аймақтың тумасы, теолог Жолдас қажы тағайындалмақ»,- деді Бас мүфти.

Сонымен қатар, Бас мүфти бүгінгі таңда имамдар үшін басты миссия жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу екенін атап өтті. Облыс әкімі павлодарлық имамдарға өз тарапынан барынша қолдау көрсетуге уәде берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру