Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМЫН ТАНЫСТЫРДЫ (ФОТО)

16.03.2018 844 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі және «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз жұма намазында Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Әдет-ғұрыптың шариғаттағы орны» тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағыздан кейін мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа өкіл имамды таныстырып, жаңа қызметте табыс тіледі.

«Жолдас Қоспақұлы – елімізге танымал білімді дінтанушылардың бірі әрі өз облыстарыңыздан шыққан азамат. Қызмет жолын сонау 2004 жылы осы мешіттің наиб имамы болып бастап, осында өкіл имамдық қызмет те атқарған. Көптеген жауапты қызметтерде болды. Ғылым жолындағы, діни қызмет саласындағы мол тәжірибесі мен іскерлігін енді өз елінің руханиятын әрі қарай жетілдіруге жұмсайды деп сенемін. Алдағы  атқарар абыройлы қызметіне сәттілік тілеймін», - деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осы уақытқа дейін өкіл имам қызметін атқарған Нариман Исеновты арнайы алғыс хатпен марапаттап, иығына шапан жапты. Нариман Ермекұлын ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі "Нұр Астана" орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалғандығын жеткізді.

«Сіз  Павлодар облысына көп жылдан бері елеулі еңбек етіп келе жатқан танымал діни тұлғалардың бірісіз. Имамдық қызметін атқарып тұрған уақытыңызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына сүбелі үлес қостыңыз, діни саладағы қажырлы еңбегіңіз бен ізгі істеріңіз үшін өзімнің және Діни басқарма ұжымы атынан Сізге айрықша алғысымды білдіремін!», – деп атап өтті Бас мүфти. 

Бертымұратов  Жолдас Қоспақұлы,  1975  жылы туған.

2003 жылы Мысыр Республикасы, Каир қаласы, Әл-Азһар ислам  университетін бітірген.

2016 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдаған.

2017 жылдан бастап Алматы қаласы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Phd докторанты.

Қызмет жолын 2004-2009 ж.ж Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы ретінде бастады.

2009–2011 ж.ж  ҚМДБ-ның Павлодар облысының өкілі, облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы және «Әбу Бакр Сыддық» медресесінің директоры.

2012-2014 ж.ж С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетіндегі «Этнос және конфессияаралық үрдістер» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығында кіші ғылыми қызметкер.

2013-2017 ж.ж қосалқы түрде Павлодар облысы бойынша Дін істері басқармасының «Конфессияаралық талдау және дамыту» орталығында теолог.  

2013-2017 ж.ж Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы.  

2017 жылы қырқүйек айынан бастап Алматы қаласы «Орбита-3» мешітінің наиб имамы.

2018 жылдың 16 наурызынан бастап ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі және «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Орыс, араб, өзбек тілдерінде еркін сөйлейді , ағылшын, тәжік тілдерін де меңгерген.

Үйленген, 2 ұл 2 қызы бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру