Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ БАСТАҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ДЕЛЕГАТТАРЫ ЯССАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

24.01.2018 937 0 пікір

Бүгін киелі Түркістанға "Ислам жəне ұлы дала өркениеті" атты конференцияға жиналған дін қайраткерлері Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қ.А.Яссауи бабамыздың рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

Зиярат жасау рəсіміне ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, жергілікті əкімдіктің лауазымды қызметкерлері, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Конференцияға келген ғалымдар мүфтияттың бұл бастамасына оң пікірлерін білдіріп, тілектестігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру