Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА ЖУРНАЛИСТ БІЛӘЛ ҚУАНЫШТЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

29.12.2017 1114 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз qamshy.kz порталының жетекшісі Біләл Қуанышпен кездесті.   

Кездесуде журналист Біләл Қуаныш Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, сыйға қамшы тарту етті.

Бас мүфти ғаламтордың қоғамдағы рөлі мен маңызына тоқталып, Діни басқарманың игі жобалары мен жоспарлары туралы баяндап берді.

«Діни басқарманың игі жұмыстарына әрдайым ақпараттық қолдау көрсетіп келесіздер. Өз атымнан айрықша алғыс білдіремін. Жылағанның мұңына ортақтасатын ең бірінші дін қызметкерлері мен журналистер. Сондықтан, бізді біріктіретін мақсаттар көп. Шығармашылық иелері қоғамды жақсылыққа шақырып, ізгілікке үндесе иманды, ізгі қоғам құрылады. Алла Тағала ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге береке берсін», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Журналист Біләл Қуаныш Діни басқарманың жұмыстарын қолдайтынын, әрдайым ақпараттық қолдау жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, қайырымдылық бағытындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға уағдаласты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру