Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ: Құрбан айт: бір сөйлеммен – отыз ой...

27.05.2017 1789 0 пікір

Құрбан айттың артықшылықтары туралы әңгімені таңды-таңға ұрып айтуға болады. Ұлық мерекені ұлықтайтын бірнеше жайттарды атап өткен абзал болар.

1. Құрбан айт – мейірімділік мерекесі;

2. Құрбан айт – құлшылықтар тоғысқан мереке;

3. Құрбан айт – туысқандық байланыс артатын мереке;

4. Құрбан айт – екі рәкағат намазда 8 рет тәкбір айтылатын құлшылық;

5. Құрбан айт – мешіттен бастау алатын мереке;

6. Құрбан айт – елімізде ресми демалыс деп жарияланған жалғыз діни мереке;

7. Құрбан айт – жүректерге қуаныш сыйлайтын мереке;

8. Құрбан айт – тозақ отынан құтылатын күн;

9. Құрбан айт – ізгі тілектер айтылатын мереке;

10. Құрбан айт – сараңдықтан сақтап, жомарттыққа тәрбиелейтін мереке;

11. Құрбан айт – ұлттарды ынтымаққа ұйыстыратын мереке;

12. Құрбан айт – телефонға тоқтаусыз құттықтау хабарлама (смс) келетін мереке;

13. Құрбан айт – қайырымдылық мерекесі;

14. Құрбан айт – кешірім мерекесі;

15. Құрбан айт – парыз намазынан кейін Аллаға мадақ айтылатын мереке;

16. Құрбан айт – әр жылы мерзімі өзгеріп отыратын мереке;

17. Құрбан айт – Алла разылы үшін құрбан шалынатын мереке;

18. Құрбан айт – Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың ғибратты оқиғасын еске түсіретін оқиға;

19. Құрбан айт – құрбандық малдың әр қылшығына сауап жазылатын мереке;

20. Құрбан айт – күнә кешірілетін мереке;

21. Құрбан айт – шүкірлікке тәрбиелейтін мереке;

22. Құрбан айт – патша мен пақырды теңестіретін мереке;

23. Құрбан айт – қажылық кезінде тойланатын мереке;

24. Құрбан айт – тазалыққа тәрбиелейтін мереке;

25. Құрбан айт – ұйымшылдыққа жетелейтін мереке;

26. Құрбан айт – жамағат намазын оқуға үндейтін мереке;

27. Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мереке;

28. Құрбан айт – игі де ізгі, сауапты да салауатты іс-шаралардың мерекесі;

29. Құрбан айт – жамандыққа жақсылықпен жауап беретін мереке;

30. Құрбан айт – Алланың ризалығына бөленетін мереке, тағысын тағылар...

 
Әзірлеген Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ

Құрбан айттың артықшылықтары туралы әңгімені таңды-таңға ұрып айтуға болады. Ұлық мерекені ұлықтайтын бірнеше жайттарды атап өткен абзал болар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру