Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Әсет БЕКТҰР: Суицид эволюциясы немесе надандық синдромы

16.04.2015 1588 0 пікір

«Сыйға сый, сыраға бал» деп те тақтақ жолда адасуға болады екен. Сорабынан жаңылмаған халық, сөзінен жаңылса тура жолынан адасарын білген еді. Сөздің қадірін білетін халық қазақтай-ақ болсын. Қазақ қашаннан бері «сыраға бал» беруші еді деп ойлап жүруші едім. Сөйтсек мақалдың түп мағынасы біз ойлағандай емес «сыйға сый, сыралғыға бал» екен.

Сыраға тәуелділік – жүйке дертімен тең

Сыра ең қауіпті ішімдіктің бірі. Оның құрамында альдегит, метанол, эфир сияқты улы заттар араққа қарағана 10-100 есе көп. Сыраға тәуелділік – жүйке дертімен тең. Ол есірткі сияқты. Сыраның дәмін атқан адам қайта ішкісі келіп тұрады. Өйткені сыра ішу үшін арнайы дастархан жаюдың керегі жоқ.  Дүкеннен сатып алып іше береді. Тіпті оған ешқандай себепте керек емес. Жалғыз өзі тұрып та, отырып та, жүріп те кез-гелген жерде тұтына береді. Сыраны сусын ретінде қабылдайтын болдық. Егер біреу көшеде сыра ішіп, темекі шегіп бара жатса өрескелдік деп есептелмейді. Сондықтан, сыраға салыну өте оңай. Әрі сыраға тәуелді адамды емдеу де оңай емес. Ал таңертеңнен кешке дейін сыраны насихаттайтын жарнамалардың айтуы бойынша сыра ішпей өмір сүруге болмайды екен. Қандай жағдайда, қандай жерде болмасын сыра ішу керек. Енді оған дүкен сөрелеріндегі көз арбайтын жаранамалары қосыңыз. Бұдан кейін ішімдікке салынбау мүмкін бе?  

Өзіңді алдау немесе надандық синдромы

Сыра ішу өз-өзіңді алдаудың ең төте жолы. Бір бөтелке сыра тұтыну 100-150 грам спирт тұтынғанмен тең. 2-3 бөтелке сыра ішу 3-4 шөлмек арақ тұтынғанмен бірдей (сыраның қуаттылығына байланысты). Күніне бір бөтелке арақ ішкен адам ішімдікке салынған, есі ауысқан адам болып есептеледі. Ал, сыра ішкен адамның мінез-құлқында үлкен ауытқушылық болмауы мүмкін. Сондықтан, 2-3 бөтелке сыра ішкен адам «қалыпты, мәдениетті адам» болып көрінеді. Статистикалық дерекке қарағанда ішімдікке тәуелділік сыра тұтынудан басталады екен. Бір қызығы сыра ішкен жастар өздерін ересек адам ретінде сезінетін надандық синдромы бар. Бірақ, осындай алдамшы сезіммен қосарланып ас қорыту жүйесінде рак ауруы пайда болып келе жатқанын кім білуі мүмкін.

Таңқаларлығы сыраның құрамын көп зерттеп ішушілер «сыра дәруменге бай» деп есептейді. Сыра сұлы, арпа, «В» дәрумендерінен жасалатыны рас. Алайда, ол дәрумендер сыра жасалып біткенше құнарын жоғалтып алады. Мәселен, «В» дәруменін алу үшін 10 литр сыра ішу керек дейді мамандар. Сонда, пайдалы дәрумендерді тұтыну үшін маскүнем болу керек пе?

Сонымен бірге сыра адам ағзасына қажетті май, белок, углевод және микроэлементтерді жойып жібереді. Калий азайса жүрек қағысы бұзылып, тері қабыршықтанып, құрғайды, жүріс-тұрыста әлсіздік пайда болады. Ал, магний азайса адамның мінез-құлқы бұзылып, ұйқысы қашып, мазасыз хәлге ұшырайды. С дәрумені азайса адамның иммунитеті азайып, ми қызметі бұзылып, жүйке ауруларына шалдығады. Сондықтан сыраның денсаулыққа еш пайда жоқ деп үзілді-келді айтуға болады.

Процесс

Сыра ер адамның ағзасында зат алмасу процесін өзгертеді. Сондықтан, сыраны көп тұтынатын еркектерде әйелдерге тән сипат пайда болады. Ал сыра ішкен әйелдің рак аруына душар болуы жиілейді. Сонымен бірге денесінде еркектерге тән қылқаншалар пайда болады. Ішімдікке тәуелді әйелдердің 80 пайызы ащы суға құмарлықты сыра ішуден бастағаны дәлелденген. Егер бала емізетін ана сыра ішсе бала жүйке ауруларына ұшырайды. Дәрігерлер егер анасы ішімдік қабылдаса баланың бойында 800-ден астам аурулардың пайда болатынын анықтаған екен.

Кезінде қазақтың геніндегі тазалықтан кемеңгер билер, от ауызды жыраулар мен шешендер, хәкімдер мен даналар дүниеге келген еді. Ғылым, біліммен әлемге нұр шашқан болатын. Кейде, үлкендер жағы бас қосып жинала қалса «Бүгінгі күннің Абайлары қайда, Абайлар неге тумайды» деген сияқты ойларды жиі айтады.  Оның жауабы біреу...

Әсет БЕКТҰР

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат