Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Пайғамбар (ﷺ) пікірі һәм ғылыми үйлесім

30.01.2015 2777 0 пікір

Сегізкөз (крестцовая кость), (лат.sacrum-сегізкөз, құйымшақ) – құйымшақ омыртқаларының бір-бірімен сүйектене байланысу нәтижесінде түзілген сүйек. Құйымшақ сүйегі, os coccygeus, немесе құйымшақ омыртқасы,vertebrae coccyges. Сыртқы пішіні пирамида тәрізденіп, алға қарай иіліп орналасқан. Негізі немесе табаны сегізкөз сүйегіне қарай бағытталса, ұшы төмен қарай бағытталған. Құйымшақ мүйізшесі cornua coccygea орналасқан.

 1. Крестец - бөктеріншек

 2. Копчик - құйымшақ

Асыл шариғатымызда Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ұлы міндетінің ақиқаттығының дәлелі аз емес және Жаратқанымыздың ғажап жаратылыстары бар екені баршаға мәлім. Осы жаратылыстар жайында айтқан ардақты елшінің өсиеттері ғылыммен астасып жатқанын біздің ғасырымыздағы ғылыми жетістіктер жоққа шығара алмайды. Бәлкім, мойындап келеді. Сондай хикметті тақырыптың бірі – құйымшақ. Омыртқаның төменгі жағында орналасқан бұл кішкентай сүйектің таңқаларлық сипаты бар. Ол ешқашан ғайып болмайды және түгелімен жерде жайылмайды.

1) Әбу Хурайрадан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Адамның барлық ұрпағы жерге жайылады, тек құйымшақ емес. Ол арқылы адам жаратылды және Ақырет күні сол арқылы тіріледі»дейді.

2) Әбу Хурайрадан риуаят етілген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) келесі хадисінде: «Адамда ешқашан жерге жайылмайтын сүйек бар. Сол сүйек арқылы адам Ақырет күні қалпына келеді.  Сонда Пайғамбарымыздан сұрайды: «Ол қандай сүйек?. Оның жауабы: «Ол құйымшақ» делінеді.

Бұл хадистерда бір мағыналы пікір мен дерек айтылған:

-  Адам құйымшақтан жаратылады.

-  Құйымшақ жерге жайылмайды.

-  Ұлы Ғарасат күні адам осы сүйек арқылы жанданады.

 

Ғылыми дәлел-дәйектер

Ғылымдағы жетістіктер Құран жазылған деректерді мойындайтыны бүгінгі күнде барша ғаламға мәлім. Жоғарыда айтылған хадистердің сахих екенін тексеру үшін ағылшын микробиолог-ғалымдары қайтыс болған адамның денесін кремациялайды. Зерттеушілер алдымен температураны 1000 градусқа дейін, сосын 6000 градусқа дейін көтерді. Содан соң олар пештің ішінде дән көлемінде жиналған күлді көрді. Ол өмір белгісін білдірді. Одан кейін ғалымдар жылытпаған қалдықты салқын жерге 200 градус температурасына қойып, дән тәрізді күл өзінің өмір сүру белгісін жоғалтпағанын анықтады. Микробиологтар материалды әйнек пен болат балқитын агрессиялық қышқылға салып, оның әлі де жасушаларының тіршілікке ептілігін байқады.

Қытай ғалымдары осыған ұқсас зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар қуатты радиоактивты күн сәулесін өткізіп, оны өте зор қышқылға салып, нәтижесінде ағылшын ғалымдары сияқты тұжырым жасады – бұл кішкентай адам қаңқасын құрайтын бөлшекті құрту мүмкін емес.

Йеменнің зерттеушілері Осман аль-Джилани мен шейх Абдуль-Маджид Аззандани 2003 жылы Рамазан айында құйымшаққа бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар сүйекті лаулап тұрған газдың отында зерттеп жатқан материал жанғанша 10 минут ұстады. Басында сүйектің түсі қызарып, кейін қарая түсті. Сосын ғалымдар қалдықтарды жинап дәріленіп тазартылған колбаға салды. Оны Йемен елінің  ең атақты Сана қаласындағы Аль-Олаки зертханасына әкелді. Сана университетінің гисталогия мен патология профессоры Салих аль-Олаки қалған ұлпаны зерттеп, лаулаған оттың құйымшақтың жасушасына еш әсер етпегенін байқады. Бұл дегеніміз газдың отына май жасушасы мен жілік майы жанып жойылған, ал құйымшақтың жасушалары бүтін күйде сақталғанын көрсетеді. Сонау 14 ғасыр бұрын айтылған пайғамбар пайымдары бүгінгі ғылым қарыштаған заманда да өзінің өміршеңдігін, ақиқаттығын осылайша тағы бір дәлелдейді.

Гүлшат ӘБЕНОВА

e-islam.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат