Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Имам Әбу Хәнифа рахимаһуллаһ

09.09.2014 1816 0 пікір

 

Аса Қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен!

Ас-Сәләму ғәлейкум уа рахматуЛлаһи уа бәракатуһу!

Ол саны шамамен төрт мыңға жететін ұлы ғалымдардан білім алады, олар Ата ибн Рабах, Әлқама бин Марзид, Имам Бәкір, Саләма бин Кухәйл, Ибрахим ан-Нахаи, Имам Шәби, Имам Зұхри және т.б.

Имам Сүютидің (Алла оны рахым етсін) айтуы бойынша, Имам Тәбәри (Алла оны рахым етсін) Әбу Хәнифадан бірнеше хадис жазып алған, бұл оның мына сахабаларды көргендігін дәлелдейді: Әнас ибн Мәлік, Жәбір бин Абдуллаһ, АбдуЛлаһ бин Джәзә аз-Зубәйди, Макал бин Ясар, Уәсилә бин әл-Аска и Аиша бин Уджра  (Алла оларға разы болсын).

Хадисте айтылғандай:

عن أبي هريرة، قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: لو كان الدين عند الثريا، لذهب به رجل من فارس - أو قال - من أبناء فارس حتى يتناوله

Әбу Хурәйра (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан сөздерін жеткізеді:

«Дін басқа ғаламшарға кететін болса, оны ол жақтан шығаратын парсы ұлдарының бірі» (Муслим-2546 Даруль Фавайд) [1]

Аләма Сүюти (Алла оны рахым етсін) бұл хадис Әбу Хәнифа жайында айтылғанын баяндайды. Бұған себеп, Имам Ағзамның білім дәрежесіне оның заманында ешкімнің білімінің тең келмеуі болып табылады. [2]

Имам Әбу Хәнифа оған қоса, фиқһ ілімінің имамы болады, терең тақуалық пен діндарлығымен ерекшеленеді. Оның замандастарының ол жайында айтқандарына назар аударайық: Язид ибн Харун (Алла оны рахым етсін) былай деп айтады: «Әбу Хәнифадан артық  ақылды, ізгілікті, өз ісіне берік адам көрмедім».

Яхья ибн Мағин  (Алла оны рахым етсін), Яхья әл-Каттанидің сөздерін баяндайды: «Біз Әбу Ханифамен бірге отырдық, Алланың атымен ант етейін, біз оны тыңдадық. Мен оның жүзіне қарағанда, Алладан қорқатынын сездім!» (Тарих Бағдад 15:482)

Яхья ибн Айюб әл-Зәхид (Алла оны рахым етсін) былай дейді: «Ол түндерін ұйқымен өткізбеген, демек, құлшылықпен айналысқан» (Тарих Бағдад 15:483)

Ибн Уәйнә: «Көздерім Әбу Хәнифаға тең келетін ешкімді көрген емес»,- деген.  (Тарих Бағдад 15:460)

 Ибн әл- Мүбәрак (Алла оны рахым етсін) былай деп айтады: «Адамдардың арасындағы ең мықты фәқиһ – ол Әбу Хәнифа».

«Фиқһта оған тең келетін адамды көрген емеспін».

«Кімде-кім өзінің пайымы бойынша, үкім шығаруға құқыға бар болатын болса, ол құқық  Әбу Хәнифада болар еді».

«Әс-Сәури мен Әбу Хәнифаның пікірлері бір жерден шықса, бұл пікір мықты болып табылады». (Тарих Бағдад 15:470)

Біз шариғатпен, Құран мен Сүннетпен дұрыс жүру үшін, Әбу Хәнифаның фиқһын ұстанамыз. [4]

Алла тағала жақсырақ біледі
 
Ысмайыл Дауджи
ДарульИфта студенті, Зәмбия

Муфти Ибрагим Десаи тексеріп мақұлдаған
Daruliftaa.net
 
[1] شرح مشكل الاثار ج6 ص62 موسسة الرسالة
[2] ترجمة تبيض الصحيفة (امام اعظم ابو حنيفة) دار القلم لاهور
مكانة الاملم ابي حنيفة بين المحدثين جامعة دراسة الاسلامية
[3]تاريخ بغداد دار الغرب الاسلامى بيروت 
[4] تعريف المذهب الحنفى: هو عبارة عن اراء الامام ابي حنيفة و اصحابه المجتهدين في المسائل الاجتهادية االفرعية و تخريجات كبار العلماء من اتباعهم بناء على قواعدهم و اصواهم او قياسا على مسائلهم و فروعهم (المذهب الحنفى ص29 مكتبة الرشد)

Ағылшын тілінен аударған  Azan.kz
Daruliftaa.net

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат