Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Рамазанда шайтандар кісенделеді деген рас па?

www.muftyat.kz 20.05.2019 1124 0 пікір

Рамазан айында шайтандардың кісенделетіні жайында Алла Елшісінің ﷺ хадисінде айтылған. Алла Елшісі ﷺ былай деген:

«Рамазан айы келгенде жәннаттің есіктер ашылып, тозақтың қақпалары жабылады да шайтандар кісенделеді».

Бұл хадисте «мәрада» сөзі қолданылады, бұл сөз шайтанның бір сипатын білдіреді, яғни «қарсы келуші», «қыңыр» деген мағынаны білдіреді. Демек, барлық шайтандар емес, ішіндегі ең қыңыры кісенделеді деген мағына шығады.

Пайғамбарымыздың ﷺ хадисіне сәйкес шайтандар толықтай күшінен айырылмайды, тіпті ең үлкендері мен беделдісі кісенделсе де өзгелері азғыруды әрі қарай жалғастыра бермек. Мәселен, түнгі клубтар – шайтандардың тұрақты мекен ететін орны. Ол жерге келіп ішімдік ішіп, көңіл көтермек болған адам күнә жасаған болады.

Рамазан айында шайтан өлмейді, тек әлсірейді, мүмкіндігі шектеледі әрі адамға берер әсері де төмендейді. Рамазанда адам өзі қырағы болып, рухани өсуге талпынуы тиіс, себебі қасиетті ай аяқталған кезде шайтанға тегеурін бере алатындай болуы керек.

Бұл сұрақтың екінші жағын алар болсақ, Рамазан айында күллі мұсылман баласы жамандық пен күнә атаулыдан алшақ болуға тырысады. Осылайша олар қосымша намаздар оқып, ораза тұтып, тарауық намазын оқып рухани бай кезеңде жүреді.

Осындай кезде шайтандар адамдарды азғырғанымен, нәтиже шығара алмайды. Рухани кезеңде жүрген адамдарды азғыру шайтанға оңай соқпайды.

Азғыру мәселесіне келер болсақ, көптеген факторларды қоса атап өтуге болады. Бұл азғыруларды шайтанмен байланыстыра беруге болмайды. Тіпті шайтан кісенделіп тұрған күнде де, адам баласында нәпсі бар, қалауы бар, бұл сезімдерді азғырудан деп айту қисынға келмейді.

Ал азғырылу адам баласының табиғатында бар сезім. Үлкен я кіші болсын ол үнемі адам баласында болады. Онымен үздіксіз күресу қажет.

Алла Тағала баршамызды күнәлі істерден аулақ етсін!

       

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат