Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қадір түнін қалай іздеймін

muftyat.kz 06.06.2018 1503 0 пікір

 

Жаратушы Хақ Тағала Рамазан айын Қадір түні құрметіне қастерлі ете түскен. Бұл түн мың айдан да қайырлы. Бұл жайлы Хақ Тағала қасиетті Құранның «Қадір» сүресінде айтқан. Қадір түні – қасиетті түн, бұл түні Жаратушымыз мұсылман баласының дұғасын қабыл етеді. Бұл түні сүннетке сай қандай дұға оқуға болады?

Қадір түнінде мүмкіндігінше мына дұғаны оқыған жөн:

 

اَللَّهُمَّ إِنَّكَ عُفُوٌّ كَرِيمٌ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

 

Оқылуы:

«Аллаһумма иннәкә ъуфуун кәримун тухиббул ъафуә фәғфу ъанни»

Мағынасы:

«Раббым! Сен Кешірімдісің, Жомартсың! Кешірім еткенді жақсы көресің! Мені де кешір көр!»

Бұл дұға жайлы имам Тирмизи мынандай хадис келтіреді:

«Бірде Айша анамыз Алла елшісінен ﷺ: Уа, Алланың елшісі, егер Қадір түні болғанын білсем не істейін?,- деп сұрайды. Сонда әз пайғамбар ﷺ: «Аллаһума иннәка ъуфуун кәримун тухиббул ъафуә фәғфу ъанни» деп айт,- дейді.

Ең дұрысы, бұл түні тек өзіңе дұға етіп қана қоймай, жақындарымызға, барша мұсылмандарға, сонымен қатар, дұға етуіңізді сұраған жандар үшін де Алладан сұраған абзал.

Бұл түнді құлшылықпен өткізіп шама келсе Құран оқып, Алланы еске алып, әз елшіге ﷺ салауат айтып, нәпіл намаздар оқып, құптан мен таң намазын жамағатпен оқуға тырысу қажет.

Қадір түні Рамазан айының кез келген түнінде болуы ықтимал. Алайда осы айдың соңғы он күнінде келуі мүмкін деген көзқарас басымырақ. Бұл туралы әл-Байхақи «кімде-кім Рамазан бойы кешкі және түнгі намазды мешітте жамағатпен оқитын болса, Қадір түнінің үлесін толық алған болып саналады» деген мағынада хадис жеткізген. Сондай-ақ: «Кімде-кім Рамазан айы бойы құптан намазын мешітте жамағатпен оқыса, сөзсіз ол Қадір түніне жолығады»,- деген хадисті жеткізген.

Әйгілі ғалым Әълауи әл-Хаддад «Ән насаиху әд-динийәт» атты еңбегінде: «Мұсылман адам үшін Рамазан айының түндері сауапты амалдар жасап, Қадір түнін қарсы алуға дайын болғаны дұрыс. Дүниеге алданбай, алаңдамай құлышылыққа ден қойғаны жақсы. Кейбіреулер Қадір түні бұл айдың әр түніне жасырылған деп те айтатынын ескеру қажет»,- деп жазған.

Алла Тағала осы түні жасаған құлшылығымызды қабыл етіп, еліміздің рухани тазарып, серпілетін айы болуын нәсіп етсін!

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат