Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбетіне берілген 11 сый

www.muftyat.kz 24.10.2017 2077 0 пікір

Пайғамбар жіберу — Алланың құзырында болса, оған иман келтіру - әрбір жаратылған пенденің міндеті. Алла Тағала адамзат баласына жүз мыңдаған пайғамбарлар жіберіп, Өз заңдылықтарын үйретті. Алла тарапынан келген пайғамбарлардың ең соңғысы әрі үмбетіне үлгі болған Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тек күллі адамзат баласына ғана емес, сонымен қатар, жын атаулының бәріне жіберілген болатын.

Сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең соңғы пайғамбар екендігі және одан кейін ешқандай пайғамбар келмейтіндігі Қасиетті Құранда анық баян етілген: «Мұхаммед сендерден ешбір кісінің әкесі емес. Бірақ Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңғысы. Алла әр нәрсені толық білуші» (33:40).

Күллі пайғамбарлардың арасында адамзаттың ардақтысы Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) орны ерекше болғаны сияқты, оның үмбетіне де Жаратушы Жалғыз Алланың осы дүниеде және мәңгілік орнымыз ақыретте де дайындап қойған сыйлары, рақымы, мейірімі бар. 

Екі дүние сардары Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне Алла Тағаланың берген төмендегідей сыйлары бар:

1. «Бұл үмбеттің мүшелерін діннің жеңілдігімен, ұлылығымен, өзге діндерден жоғары болуымен, қалаларда Алланың берген күші мен жәрдеміне ие болатындығымен қуант. Кімде-кім осы өмірде пайда көру ниетімен келешек өмір үшін арналған амалдарды жасайтын болса, ақыреттен оның ешбір үлесі болмайды» (Байхақи).
2. «Таңғы уақыттарда менің үмбетіме берекет берілген» (Табарани).
3. «Шындығында, Алла бұл үмбеттің мүшелеріне ішіндегі әлсіздері үшін һәм құлшылық-ғибадаттары мен адалдықтары үшін жеңіс сыйлайды» (Бұхари).
4. «Асылында, Алла Тағала осы үмбет үшін әрбір жүз жылда олардың діндерін жаңартып тұратын жаңартушыны (ғалымды) жіберіп тұратын болады!» (Әбу Дәуд).
5. «Менің үмбетімде бейне бір сүт ішіп отырған жандай Құранды оқитын адамдар пайда болады» (Табарани).

6. «Шындығында, Алла Тағала менің үмбетімнің мүшелерін адасуда бірігуден сақтайды» (Ибн Әбу Асым).
7. «Алла Тағала ешқашан үмбетке адасуға жол бермейді. Алланың көмегі жамағатта (үмбетте), кімде-кім үмбеттен ажыраса отқа тасталатын болады» (Тирмизи).
8. «Кімде-кім менің үмбетім үшін қырық хадисті сақтаса, соған Қиямет күні: «Жұмаққа қалаған қақпадан кір», - деп айтылатын болады (Бұхари).

9. Қиямет күні сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қайта тірілгендер тұрған жерді шарлап, құдды бір баласын іздеген мейірімді анадай: «Үмбетім! Үмбетім!», - деп шақыратын болады. 
10. «Шындығында, Қиямет күні менің үмбетім шақырылғанда олардың маңдайында, қолдарында және аяқтарында дәрет алғаннан қалған нұрлы із болады. Осы белгіні кім ұзартқысы келсе, ұзартсын» (Бұхари).
11. «Менің үмбетіме Алланың рақымы төгілген. Оларға аыретте жаза болмайды. Есесіне, оның пешенесіне бұл фәни дүниеде жанжал, опасыздық және қантөгіс сынағын басынан өткізу жазылған» (Ахмад).

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат