Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жүсіп пайғамбардың (а.с.) зынданда жатып жорыған түстері

"Әнуәрул-ғашиқын" кітабынан. www.muftyat.kz 18.10.2017 1276 0 пікір

Жүсіп пен Зылиха оқиғасының алдыңғы желісі...

Күндердің күнінде Зылиха күйеуіне:

"Мына адам менің соңынман қалмай жүр, оны түрмеге қаматшы" дейді.

Уәзір Жүсіпті түрмеге қаматуға бұйырады. Сол күні Жүсіппен бірге түрмеге тағы да екі адам қамалған болатын. Бұл екі адам Мысыр билеушісін өлтірмек болғандар. Ал бұлар билеушінің шарап әкелушісі мен аспазшысы болған. Бір адам оларға: "Мен сендерге көп ақша төлеймін, ал сендер билеушінің шарабы мен асына у қосыңдар, ол өлсін" деген болатын. Шарап әкелуші өзімен-өзі сөйлескендей болып, "Асын жеп жүрген бұл адамға мен зұлымдық жасай алмаймын, - деп айтады. Ал аспазшы болса ұсынысты қабыл алып, асқа у қосып қояды.

Аспазшы билеушінің алдына ас толы ыдысты әкеліп қойғанда, шарап әкелуші билеушіге: 

"Уа, менің сұлтаным! Бұл астан алмаңыз, бұған у қосылған" дейді.

Ал аспазшы: "Уа, менің билеушім! Шараптан ішпеңіз, у шарапқа қосылған" дейді.

Екеуін тыңдап алған билеуші шарап әкелушіге шарапты іш деп, ал аспазшыға жасаған тағамын же деп бұйырады. Шарап әкелуші шарапты түк қалдырмай ішіп салады, оған түк болмайды. Ал аспазшы өзі дайындаған тағамды жеуден бас тартады. Бұл тағамды жануарларға берген екен, жануарлардың барлығы да қырылып қалады. Сонда билеуші шарап әкелушіні де, аспазды да түрмеге қамауға бұйырады. Түрмеде олар Жүсіппен кездеседі. Сол түні екеуі де түс көреді. Шарап әкелушіге ол билеушіге шарап құйып жатқан түс кіреді, ал аспазға ол басына қойып нан әкеле жатқаны, ол нанды құстардың шұқып жатқаны кіреді. Өздерінің көрген түстерін олар Жүсіпке айтып, осы түстерін жорып беруін өтінеді.  

Жүсіп шарап әкелушіге:

"Сені түрмеден шығарады, сен қайтадан билеушіге шарап әкелуші болып қызмет ететін боласың", - деп айтады.

Ал аспазшыға:

"Билеушінің бұйрығы бойынша сені асады, ал құстар сенің миыңды шұқитын болады" деп жориды.

Шарап әкелуші түрмеден шығарда оған Жүсіп "Сұлтанға қызмет еткенде оған мен туралы айтшы. Ол маған кешірім берсін" деп сұрайды.

Алайда шарап әкелушіге шайтан мұны ұмыттыртып жібереді. Осылайша, Жүсіптің түрмеге қамалуы жеті жылға созылады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат