Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Әсет БЕКТҰР: Гүл секундына 24 мың жылдамдықпен қозғалады

13.04.2015 3133 0 пікір

Біз жазғы жайма шуақ күндерде жасыл-желектің арасында жүріп олардың саналы түрде тіршілік ететінін байқай бермейміз. Канадалық ғалымдар өсімдіктер өз еркімен саналы түрде қозғалатынын анықтаған. Зертеушілер тобы заманауи сапалы камера көмегімен гүл хауызын ашатын кезде жапырағына жиналған шаң-тозаңды 0,4 миллисекунд жылдамдықпен ауаға серпетінін дәлелдеген.

Зерттеуші ғалымдар: «Адамдар өсімдіктердің тамыры жерге байланып тұратындықтан қозғалмайды деп ойлайды. Бірақ, біз өсімдіктердің қозғалыста болатынын, әрі өте тез әрекеттер жасай алатынын анықтадық. Бұл адамдардың дүниеге деген көз қарасын өзгертетін ғылыми жаңалықтардың басы ғана»,-дейді.   

Ғалымдар гүлді ең алғаш секундына 1000 түсірілім жасай алатын камерамен бақылайды. Бірақ, камераның сапасы төмен болғандықтан гүлдің жылдамдығын байқай алмаған. Кейін секундына 10 000 түсірілім жасай алатын камера арқылы гүлдің секундына 24 000 есе жылдамдықпен жапырағын жоғарыға серпитіні анықталып, таң қаларлық ғылыми жаңалыққа қол жеткізеді. Мұндай жылдамдық ғарыш кемесінің жылдамдығымен салыстырғанда 800 есе артық. Гүл жапырағына қонған шаңды 2,5 см. серпиді екен. Бұл өте үлкен қашықтық болмасада, гүлдің бойымен шаңның ұшу қашықтығын салыстырғанда адамның 6 қабатты ғимараттың шатырына ауыр тасты лақтыруымен пара-пар.  

Құранда Алла тағала: «Жерден өсіп-өнетіп барлық өсімдіктерді, өздеріңді және сендердің т.б. білмейтін нәрселеріңді жұп-жұп қылып жаратқан Алла қандай пәк»,- деп түсіндіреді адам баласына. 

Тағы бір аятта: «Біз желді тозаңдау үшін жібердік, сөйтіп аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сусындандырдық…»,-деп құдіреті күшті Жаратушы өсімдіктерді жұп-жұбымен жаратып, құдіретімен тозаңдандыратынын айтады. 

Әсет БЕКТҰР

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат