Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қыбла жаққа қарап түкіруге бола ма?

muftyat.kz 08.08.2017 1558 0 пікір

«Тот, кто плюнет в сторону киблы, предстанет в судный день с этим плевком между глаз» 

«Кімде-кім Қыбла жаққа қарап түкірсе, Қиямет күні сол түкірігі оның екі көзінің арасында болады»

 Сұрақ: Қыбла жаққа қарап түкіруге бола ма?  

Жауап: Бұл сұрақтың жауабын келесі аятпен бастағым келіп отыр: ذَلِكَ وَمَنْ يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِنْ تَقْوَى الْقُلُوبِ

«Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан» (22:32).

Иә, Қыбла – бұл ислами ғұрыптық белгілерінің бірі. Хадистердің бірінде былай айтылған:

«Кімде-кім Қыбла жаққа қарап түкірсе, Қиямет күні сол түкірігі оның екі көзінің арасында болады» (Ибн Хузейма, Сахих, 3/83; Әбу Дауд, Атима, 40).

Ал басқа хадисте былай келтірілген: «Мешітте түкіру үлкен күнә болып табылады. Күнәнің өтелуі – қақырықты жуу» (Мүслім, Масаджид, 56; Ахмад ибн Ханбал, 3/289).

Жоғарыда айтылған аят пен хадистерден түсінетініміз – мешітте немесе намаз оқып тұрып Қыбла жаққа түкіруге үзілді-кесілді тыйым салынған.  

Соңғы хадис жөнінде Санани «Субулюс-Салям» кітабында былай деген: «Дегенмен бұл  хадистің сыртқы мағынасы намаз кезінде болып жатқан жайтқа қатысты айтылғанымен де, ол намаз сыртындағы барлық жағдайларды да қамтиды. Сондықтан намаз уақытынан бөлек кезде де Қыблаға қарап түкіруге тыйым салынған болып табылады».

Қысқаша айтқанда, намаз кезінде немесе мешітте Қыбла жаққа қарап түкіруге тыйым салған Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болатын. Бұл тыйым салуды намаздан тысқары кезде де ұстану, жоғарыда келтірілген аятқа сәйкес - тақуалықтың белгісі болып табылады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат