Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ана мейiрiмi

05.02.2015 2575 0 пікір

Алқама есiмдi сахаба жiгiт өлiм аузында жатып «Алладан басқа Тәңiр жоқ» (Лә иллаһа илла Алла) деп кәлима келтiруге тiлi келмей, қиналып жатады. Мұны көрген Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабалардан:

- Бұл жiгiт бiреудi ренжiтiп пе едi? - деп сұрайды.

- Иә, бұл жiгiт анасын қатты ренжiтушi едi,- деседi олар.

- Онда барып анасын алып келiңдер, - дейдi Алла елшiсi.

Анасы келедi. Оған Пайғамбар (с.ғ.с.):

- Балаңызға кешiрiм етiңiз, өлiм аузында жатыр, - дейдi.

- Кешiрмеймiн, - дейдi ашулы ана.

- Ендеше, қазiр ұлыңызды көз алдыңызда өртесе шығар ма едiңiз? Сiз кешiрмесенiз, оны о дүниеде тозақтың оты күтiп тұр. Ал сiздiң кешiрiмiңiз оны сол өрттен арашалап қалуы мүмкiн, - дейдi ол.

Сонда анасы:

- Қаншама көңiлiмдi қалдырып, жанымды ауыртса да, туған баламды өртке қалай қияйын? Кештiм бәрiн де, - дейдi.

Сол сәтте ғана Алқаманың тiлi икемге келiп, кәлимасын қайтарып барып көз жұмыпты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат