Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мұхитдин ИСАҰЛЫ: ӘР АДАМ – ѲЗ БАҚЫТЫНЫҢ БАҚТАШЫСЫ (Сұхбат)

06.05.2016 1632 0 пікір

Отбасы ұғымы үш тіректен, əке, ана жəне баладан құралған. «Əке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген дана халқымыздың тəмсілі күні бүгінге дейін мəнін жоймай келеді. Осы үш тірек ұғымының бүгінгі қазақ қоғамдағы маңызы қандай? Бала тəрбиесіндегі ата- ананың атқарар міндеті қайсы? Бұл сұрақтардың жауабын белгілі теолог, исламтанушы Мұхитдин ИСАҰЛЫНАН алған едік.


– Бүгінгі отбасының қоғамдағы орны қандай? «Отбасы – кіші мемлекет» деген ұғымды қалай түсіндіріп берер едіңіз?

– Расында, мемлекет үлкен бір отбасы болса, отбасы – кіші мемлекет. Яғни, адам жасушалардан құралатын болса, ел де отбасылардан құралмақ. Адамның бір жасушасына бір қауіпті микроб кіріп, сол жер іріңдейтін болса ол бүкіл денеге əсерін тигізеді. Пайғамбарымыз мұсылмандардың бірлігін осыған ұқсатады. Сол ауырған жерді емдеп жазғанға дейін бүкіл он екі мүше мазасызданады. Ал, тіпті, оған да көндігіп жүре беретін болса, сол бір жасушаға түскен микроб барлық жасушаларға тарауы мүмкін. Ендеше, қазіргі заманда біздің халіміз де осыған ұқсайды. Елдің көптеген жасушаларына микроб түскен. Сол микробтың бірі батыстан келген. Яғни, Америка мен Еуропадан келген індеттер. Жаһандану да соның бірі. Бүгінгі жастар сол жаққа көп еліктейді. Олардың ғылымына еліктесе бір сəрі. Өкініштісі, талғамсыздық талай жасты тығырыққа тіреп, тұңғиыққа батыратыны. Сол жастар туралы қоғамда сауал тастай қалсаң, ата-аналар мұғалімді, ал мұғалімдер ата-ана- ларды кінəлай жөнеледі. Соның салдарынан қазіргі таңда мектеп жастары арасында өз-өзіне қол жұмсау əрекеті де жиі кездесіп жатады. Ал мұндай індет батыс мəдениетінің салқыны. Ислам əлемінде өз-өзіне қол жұмсау қылмыстарының, əртүрлі адамзат бойына тараған дерттің өте сирек кездесетінін ешкім жоққа шығара алмайды. Біз кешегі əл-Фарабидің, бергісі əулие Бекет ата, батыр, өжет Махамбеттердің ұрпағы едік. Олар қазір ғайыптан қайта тірілсе мына біздерді ұрпағымыз дер ме еді?! Əрі елімізде біздің рухымызға жат діни секталар да сол індеттердің бірі. Екінші бір індет шығыстан келіп күннен күнге белең алуда. Бұл, əрине, халықты ислам дінінен бездірмек болған радикалдық діни ағымдар ылаңы. Олардың да басым көпшілігін жастар құрайды. Бұл ағымдағылардың, басқа мəселелерін былай қойғанда, «уақытша неке» дегендерінің өзі үлкен «жарылыс» қой. Бүгінде солардан əкесіз сəбилер дүниеге келуде. Ертең сол сəбилер ересек болғанда, олардың тағдырына кім жауапты, көкейін тес кен сауал дарына кім жауап бере ді? Бұл буын надандардың сауат сыздық тарынан туындаған жарылыстардың құрбандары болмақ. Сондықтан, отбасының қоғамда рөлі аса зор. Қазақ «ештен кеш жақсы» деген. Əлі де кеш емес. Елдегі «жасуша» отбасылардың иммунитеті күшейетін болса көп ұзамай жеңіп шыға алады.

– Ендеше, бүгінгі қоғам осы отбасы бақытын түгендеуде қандай міндет атқаруда?

 – Елде ешнəрсе жасалмай жатыр деу үлкен қателік болар. Құранда: «Бір ел өзін іштей өзгертпесе Алла оны өзгерпейді» дейді. Билікте болсын, халық арасындағы қоғамдық бірлестіктер мен жамағаттар болсын, атқарылып жатқан істер көп. Бірақ, биліктің мысы басым, ал əлеуметтің қолы қысқа. Сол билік отбасылық берекені қалыптастыруда көп жоспар құрып, іс-əрекет жасағанмен, соларды көбінесе жоспарды орындау үшін ғана жасағандай көрінеді. Бір жағынан амалсыз солай жасайды. Өйткені, ай сайын, жарты жыл сайын есеп береді. Сан деп жүріп сапаны, сəн деп жүріп мəнді ұмытады. Мысалы, мектепте балаларға бір тақырып туралы үгіт-насихат жүргізбек болады. Сол балалар еріксіз жиналып мұғалімнің қас-қабағына қарап отырады. Еркімен сұрақ қоя алмайды. Арнайы дайындалған балалар болмаса кез-келгені ойындағы сұрағын жеткізе алмайды. Осылайша, олардың ойынан шықпаған соң мұндай үгіт- насихаттардың тек «жоспарға» ғана пайдасы тиеді.

– Қай кезде де отбасының басты қазығы – бала. Ұрпақ тың тəрбиелі болып өсуі отбасыға тікелей байланысты. Ата-ана мен бала арасындағы байланыс берекелі де шаңырағы шай қалмаған отбасын құруға мүмкіндік бере ала ма?

– Бүгінде Кеңестік өмірді көрген кей адамдар «е,е ол за манда бала тəрбиесіне көп мəн берілетін еді ғой» деп, сол заманды көксегендей болады. Иə, солай болып көрінсе де, ол заманда еркіндік пен дін жоқ еді. Барлық нəрсе жоғарыдан бекітіліп қойған. Дінге рұқсат болмаған жерде еркіндік те жоқ деген сөз. Ендеше, ата-ана күні ертең баласы жақсы болып өссін десе тəрбиеге мəн беруі қажет. Ал тəрбиенің қайнары дінімізде жатыр. Пайғамбарымыз: «Мені Раббым тəрбиеледі. Əрі аса көркем түрде тəрбиелеп, əдептілікті үйретті» дейді. Ал бұл күнде көптеген ата-ана жұмысбастылығымен баласының тəрбиесіне көп мəн бермейді. Діни тұрғыдан, бір жағынан – немқұрайдылық, екінші жағынан радикалдық ағымдардардың салдарынан баласына діни тəрбие бергісі келмейді. Сондықтан, бүгінгі ата-ана мен бала арасындағы байланыс сол ата-ананың ниеті мен жоспарына тікелей қатысты болмақ. Пайғамбарымыздан Жебірейіл періште ақыр заманның белгілерін сұрағанда ол: «Күң өзінің қожайынын туғанда» дейді. Ол заманда аналар «балам үлкен адам болсын» деген мақсат қойып зыр жүгіргені сонша, ақыр соңында баласы анасына күң ретінде қарайтын болады. Яғни, анасы баласына рухани тəрбие емес, дүниелік тəрбие берумен ғана шектеледі.

– Дана халқымыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді. Қазіргі ата-ана өз ұрпағына толыққанды, ұлағатты тəрбие бере алып жатыр ма?

– Оның жауабын жоғарыда айттым деп ойлаймын. Сонда да қосымша мынаны айтайын. Егер ата-ана баласына тəрбие бергенде «балам сенікі қашан да бұрыс, менікі қашанда дұрыс» дейтін қағида ұстанатын болса, онда жағдай қиын. Ата-ана ұрпағының ой-пікірін ұштап, қиялын қанаттандырып қоюы керек. Баласының ойына салмақтылықпен қарайтын болса, онда ұтқаны.

– «Отбасы берекесі – имандылықтан басталады» дегенге қалай қарайсыз?

– Дəл солай. Өйткені, имандылық деген имани құндылықтар. Ақиқат пен шындық жəне əділдік те сонда. Иман деген мына шексіз ғаламды жаратқан Алла Тағаланы мойындап, оған иман етуі. Ал Оған сенбеген жанның өмірге деген сенімі де нық болмайды. Өзіне өмір сыйлаған Жаратқанға бек сенімді жан өзгенің де өміріне бей-жай қарамайды. Бұл дегеніміз өзі өмір сүріп отырған қоғамға да жауапкершілікпен қарайтын, саналы ортаны қалыптастырады деген сөз. Саналы жас – салиқалы ұрпақ. Ұрпақтың ұлағатты болып өсуі, сөзсіз, өзімізге, ата-аналарға келіп тіреледі. Имани тəрбиені əркім өзінен бастауы керек деп білемін. Өзін жөнге сала алмаған өзгеге өнеге көрсете алмайды ғой. Отбасы берекелі болуы үшін ата-ана, мемлекет бақытты болуы үшін əр азамат өзіне жүктелген жауапкершілік пен міндетті мүлтіксіз атқа- руы тиіс. Ойымды Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Барлығың да бақташы секілдісіңдер жəне барлықтарың қоластыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы – бақташы. Ер адам – отбасының бақташысы. Əйел – ерінің шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, əр бірің бақташысыңдар жəне өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар» деген өсиетімен түйіндегім келеді.

 – Əңгімеңізге рахмет!

Əңгімелескен Жайық НАҒЫМАШ

e-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат