Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Пайдалы кеңес: ӘДЕП

20.08.2015 2698 0 пікір

Әдеп иманның көркі. Әдептен жұрдай адам, иманның көркінен айырылады.

Басымды иіп, ұлық басымды кішірейтіп алармын деп ойлағандарды, жүрегіне құрт түсіп, ауруға шалыққандар деуге болады. Ұстамды, байсалды адамдар адамдар арасындағы қарым-қатынаста құрмет пен сүйіспеншілікті ту етіп ұстанады. Ақылды адам «өзгені құрметтеу – өзіңді құрметтеу» екенін жақсы біледі. Құрмет көрсеткенге құрмет көрсетілетінін есінен шығармайды.

Кейбір істерді адал-арам, болады-болмайды деп емес, көрікті-көріксіз, жақсы-жаман, қабыл-қабыл емес деп айту қажет. Кез-келген құрметсіздік пен әдепсіздікті арам әрі тыйым салынған деп кесіп айтуға болмайды. Оны жағымсыз, жаман, ұнамсыз дегеніміз жөн. Барлық істі тек адал-арам деп бөліп тастайтындардың есіне Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына сөзін келтіру қажет: «Ұятың жоқ болса, қалағаныңды істе».

Әдеп пен құрмет үйретілген нәрсе емес, тәлім-тәрбиенің ісі. Тек қана оқытып, тәрбие берілмеген жағдайда, әдеп пен құрметтен жұрдай адамдар шығады.Мұндай адамдардан да сабақ алуға болатынын естен шығармаған жөн. Бір кісі Әбу Ханифадан (р.а.): «Әдепті кімнен үйрендің» деп сұрағанда, «әдепсізден» үйрендім деп жауап беріпті.

Әдеп пен үятты аттама. Әдеп иманның әшекейі. Оны әсемдеп тағып ал. Адамдардан ұялғандай Алла Тағаладан да ұял. «Адам жақсылықтың кішкене құлы» деген сөзді естен шығарма. Сондай-ақ жағымсыз нәрсені көркем сөзбен жеткізіп, өзіне қарататындардың тыңдармандары, жақсы нәрсені дұрыс жеткізе алмайтындардың тыңдармандарынан көп болып кетуі мүмкін екенін ұмытпа.

Айқайлап күлу, жасырынып тамақ жеу, жұпыны киім кию, мазақтау сияқты ұнамсыз қылықтардан аулақ бол.

Егер қолыңнан келсе, істеген күнәларың үшін көп жылап, Алладан кешірім тіле. Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) халін жылай алатын мүмін үмбеттері ғана түсіне алады. Көзден аққан жастың атылған оқтан да әсерлі болатын кездері болады. Көзінің жасын құрғатып алғандардың жүрегі мен көзінің арасындағы байланыс үзілетінін ескерсін.Мұндай адамдардың көзінен иман нұры кетіп, кез-келген оқиғаның түпткі сырына, әрбір жаратылысқа дұрыс баға бере алмайтынын ұмытпа.

Әрдайым салмақты әрі қырағы бол! Жеңілтек болудан сақтан. Байсалдылық иманның көркі. Құбылмалы, тұрақсыз адамдардың айналасындағыларға қадірі болмайды. Байсалдылықты тәкәппарлықпен ауыстырып алма. Егер қадірің, қасиетіңе сай келмесе, байсалдылық көрсетудің орнына тәкәппарлық пен риякерлік (көзбояушылық) көрсетіа жүруің мүмкін. Қадірің атағыңа сай болсын. Егер атағың қадіріңнен асып түссе, риякерлік, алаяқтық, көзбояушылыққа шалдығасың. Міне сол кездеатақ пен білім, қауіпті қаруға айналады.

Қырағылдығыңды күлкілі жағдайға айналдырып алма. Яғни көкірек керіп кісімсінуден сақтан. Менмендік пен қырағылықтың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Қырағы боламын деп қабақ шытып адамдарды қашырып алып жүрме. Адамның жымиып жүріп те қырағы бол алатынын естен шығарма.

Дайындаған:
muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат