Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Егер...

04.04.2015 1676 0 пікір

Сіз басқа қалаға сапарға бара жатырсыз делік.Ет жақын туысыңыз Сізге 24 мың теңге ақша береді. Бірақ, мынадай өтініш айтады: "Маған сапарыңнан осы ақшаның 1 мың теңгесіне сыйлық алып келші, қалғанын өз қажетіңе жарата бер".

Осы жерде Сізге мынадай сұрақ: «Сіз ол адамның талабын орындайсыз ба? Қанша мыңға сыйлық алып келер едіңіз?»

Енді бұл ненің мысалы екенін түсіндіре кетсек. Алла тағала бізге сыйлаған өмірінің әр тәулігінде 24 сағат берді. Оның 23 сағатында не істесең де, өз еркің. Сол 23 сағатта дүние қызықшылығының баршасын, ризық-несібеңді алуыңа, кітап оқып, бақ аралап, көңіл сергітуіңе берілді. Өз ықтиярыңда. Ал аса қамқор, мейірімділердің мейірімдісі, бұл әлемді кіршіксіз көркем етіп жаратқан Алла тағала "Тек сол тәуліктің 1 сағат (5 уақыт парыз намаз уақытын қосқанда, барлығы 1 сағат шамасы шығады) уақытын Маған құлшылық етуге арна", - деп бұйырған.

Жақынымыздың талабын, өтінішін жерге тастай алмасақ, төрт көзімізді түгел, ата-ана, ағайын-бауырларымызбен, ұлт пен халықты жаратқан Алланың әмірін қалайша қалдырып қоя аламыз?! 

Алла баршамызға екі дүние бақытын нәсіп еткей.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат