Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Батаны серік еткен жан

31.03.2015 1811 0 пікір

Алланың сүйікті құлдарының бірі, бар ғұмырын тақуалықпен өткізген Убайдуллаһ Ахрар деген кісі базардан анау-мынау алып, саудасын жасап ауылына бет алады.

Үйіне келген кезде базардағы саудагердің батасын алмағаны есіне түсіп, дереу қайта жолға шығады. Ауылы да тез барып келе қоятын мына тұрған жер де емес. Келіп-кетудің өзі машақат. Әйтсе де, әдетке айналдырған амалы жанын жерге қоймай сауда жасаған кісінің құзырына әкелді.

Әлгі саудагер Убайдуллаһ Ахрарды көріп:

-Не болды? Бір нәрсе ұмыттың ба? – дейді таңырқап. Убайдуллаһ Ахрар оған:

-Менің бір әдетім бар болатын. Қандай кісімен жұмыс жасасам, ол кісіден міндетті түрде бата сұрамай кетпейтінмін. Сізден саудамды жасап, үйге барғанымда батаңызды алмай кеткенім есіме түсіп, болмағасын дереу жолға шықтым. Сол себепті сіздің дұғаңызды алғанды жөн көріп алдыңызға келдім, - дейді мән-жайын айтып.

Мұны түсінген діндар саудагер алақанын Аллаға жайып:

-Иә, Раббым! Мына дұға тілеушінің жүрек көзін аша гөр! – деп, ақ батасын берген екен.

Мұсылманның мұсылман бауырына жасаған дұғасы қабыл болады деген осы. Убайдуллаһ Ахрардың ел алдындағы даңқы асқақтап, абыройының көтерілуінің бір сыры елден алған батада жатса керек. Дана халқымыз да «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп текке айтпаған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат