Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алла разылығы үшін...

18.03.2015 2451 0 пікір

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Бір адам басқа елді-мекенде тұратын бауырының халін білмек үшін сапарға шықты. Сонда Алла оның жолына бір адам кейпіндегі періштені жіберді.

Періште оның жанына келіп:

–  Қайда сапарға шықтың?-деп сұрады.

Әлгі адам:

– Мен осы ауылдағы бауырыммен кездескім келеді,-деді.

Періште оған былай дейді:

– Сен мұнымен қандай да бір дүниелік пайда көздейсің бе?

– Жоқ, мен оны бар болғаны Алла разылығы үшін жақсы көремін.

Сонда періште: 

– Ақиқатында,бауырыңды Алла үшін қалай жақсы көрсең, сені де Алла Тағаланың дәл солай жақсы көргенін хабарлау үшін келген елшімін», - деді». 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат