Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нағыз махаббат

05.03.2015 1874 0 пікір

Бір күні адамдар көпті көрген көнекөз қариядан: «Ақсақал, шын махаббат қандай болады, оны тек ауызбен ғана айтатындар мен өмірге айналдырғандардың айырмашылығы қандай?» деп сұрапты.

Сонда қарт: «Ол айырмашылықты көрсетіп-ақ берейін,» депті де, бір дастархан жайыпты. Сөйтіп ол дастарханға махаббатты тек тілімен айтып, жүрегіне толық орналастыра қоймағандарды шақырыпты. Әне-міне дегенше үлкен табақтарға құйылған ыстық сорпа да келеді. Алайда дастарханға бір метрлік ұзын-ұзын қасықтар қойылған екен. Жиналғандар қасықтарына іліккен сорпаны ауыздарына апарғанша, ол шашылып-төгіліп әуре-сарсаңға түсіпті. Ақыры болмаған соң дастархан басындағылар сорпаларын іше алмай, аштан-аш дастарханнан тұрып кетіпті.

Содан соң қария дастарханға махабатты шын түсінетіндерді шақырыпты. Енді бұлар алдыңғылардай әбігерге түскен жоқ. Әркім қасыққа ілінген сорпаны қарсы алдында отырған достарына ұсынды. Осылайша барлығы да бір-біріне қызмет көрсетіп, сорпаны өздері де ішіп, қарындарын тойғызып, Аллаға шүкір етіп тарқасқан екен. Сонда данышпан қария: «Көрдіңдер ме, кімде кім шын дастарханда өзін жалғыз сезініп, тек өз қамын ойласа, аш қалады. Ал кім өз бауырын ойлап, соны тойғызудың қамын жасаса, өзі де бауырларынан сондай мәмле көреді. Ең бастысы, мынаны ұмытпаңдар. Нағыз базарда – алған емес, берген ұтады».

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат