Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Пайғамбардың айтқаны

02.03.2015 1810 0 пікір

Әбу Саъид ибн Малик ибн Синан әл-Худри (р.а.) мына хабарды жеткізеді:

«Бірде ансарлардың ішінен адамдар Алланың елшісінен (ﷺ) бір нәрсе сұрады. Алла Елшісі (ﷺ) оларға сұрағанын берді, сосын олар тағы да бір нәрсе сұрады, сұрағандарын тағы берді, олар сосын тағы да бір нәрсе сұрады, оларға сұрағанын тағы да берді, соңында өзінде барының бәрін берді. Сосын оларға Алла елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деп айтты: 

«Маған не берілсе де, мен оны сендерден еш уақытта жасырмаймын. Дегенмен, естеріңде сақтаңдар, кімде-кім ұстамдылыққа тырысса, Алла оны ұстамдылыққа алып келеді, кімде-кім өз күшімен ғана істеуге тырысса, Алла оны басқа адамдарға жалбарынудан сақтайды, ал кім сабыр сақтаса, Алла оған сабыр береді және ешкім сабырдан артық сый алған емес» (Хадисті Бұхари мен Мүслим жеткізген).

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат