Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Айшаның айтқан ақылы

25.02.2015 2467 0 пікір

Осыдан бірнеше ай бұрын Мұстафа ауласына шыңырау құдық қаздырды. Тереңнен тасты жарып шыққан мөлдір су шөлдеген жанның кенезесін қандырып, жүзіне жылы шырай ұялатады.

Қайбір күні құмның ар жағында тұратын немере ағасысының баласы қонаққа келген болатын. Мұндай қереметті көрмеген ол қолындағысымен суды әрі тартып, бері тартып сұраусыз төге берді. Бала болғасын қызықтағысы келген де шығар. Сәске түсіп, іңір қоюлана бастағасын шыңыраудың қасында шыр көбелек айналып жүрген Омарды көрген Айша:

- Сен суды осылай күні бойы есепсіз төге берсең, ақыры таусылып бітеді ғой. Сосын осы ауылдың үстімен өткен жолаушыларға үлкен зиян тигізесің. Олардың біздің үйімізге келіп, құдығымыздан су іше алмай қалады. Сондықтан қолымыздағы алтынды бағалайық білейік! - деп өзінің ақылын айтып, судың да сұрауы бар екенін есіне салды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат