Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Лақтың аяғы сынса, есебін кім береді?

12.10.2014 2025 0 пікір

Мұсылмандардың басшысы болған хазіреті Омар халифалыққа тағайындалған кезі болатын. Қол астындағы Әбу Убайда оны зиярат етуге үйіне барады. Хазіреті Омардың жылап отырған жерінен түседі. Оның не үшін жылағанын сұрайды:

- Ей, мұсылмандардың халифасы! Не үшін жылап отырсың? Қолдан келгенше көмектесейік, шарасын табайық, -деп басу айтқанда, хазіреті Омар былай деп жауап береді:

- Ей, Әбу Убайда! Мен жыламай кім жыласын? Мен арқалаған жүк өте ауыр. Тигр өзенінің бойында жайылып жүрген лақтың аяғы сынса, менен сұралады, ең алдымен Алланың алдында өзімнің, сосын мойнымдағы міндетімнің есебін беремін. Мен жыламай кім жылайды?!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат