Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қайыршы

03.10.2014 1648 0 пікір

Мәдиналық мұсылмандардың бiрi Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келiп, көмек сұрайды. Ол мұсылманнан:

- Үйiңде ештеңе жоқ па? - деп сұрақ қояды.

Әлгi кiсi:

- Бiр жағын үстiмiзге жамылып, бiр жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су iшетiн ыдыс қана бар, - дейдi.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

- Бар, соларды маған алып кел, - деп қайтарып жiбередi. Аз уақыттан соң ол заттарды алып келедi.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

- Мынаны кiм сатып алады? - деп сұрайды.

Мұсылмандардың бiрi:

- Мен бұларды бiр динарға сатып аламын, - дейдi.

- Одан көп беретiн адам бар ма?

- Мен екi динар  беремiн, - дейдi бiреу.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екi динарды әлгi кiсiге берiп:

- Бiр динарға отбасыңа жейтiн бiр нәрсе ал, бiр динарға балта алып, маған кел, - дейдi. Оның алып келген балтасын Аллаһтың елшiсi (с.ғ.с.) өз қолымен саптап берiп:

- Ендi таудан отын кесiп әкелiп сат. Он бес күндей сенi бұл жерден көрмейтiн болайын, - дейдi.

Ол адам он бес күннен кейiн келедi. Он бiр динар тауып, жартысына тамақ, жартысына киiм алған екен.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): 

- Осылай енбектенiп, тапқаның қайыршылық жасаудан әлдеқайда артық. Қолыңнан iс келе тұра тiлемсектенiп, бiреулерден жәрдем сұрау ақыретте жүзiңе қара дақ болып жағылады, - дедi.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат