Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: 30 отбасыға көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 16.04.2020 3215 0 пікір
ШҚО: 30 отбасыға көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті және «Зекет» қорының Өскемен аймағы өкілдігі төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған отбасыларға қайырымдылық жасады.

Шара барысында Өскемендегі тұрмысы төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірілді. Бұл игі іске 30 отбасы қамтылды.

«Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратып отырмыз. Бұл бағытта «Зекет» қоры өңір мешіттерімен бірлесіп, жүйелі шаралар атқарып жатыр. Мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру – дінімізде аса сауапты амалдардың бірі» деп атап өтті «Зекет» қорының Өскемен аймағы бойынша жауапты қызметкері Аманбол Қуатұлы.

Ол сонымен қатар мұндай қайырымдылық шарасы жүйелі түрде жалғасатынын айтып өтті. Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру