Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 06.12.2019 874 0 пікір
БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласына жасаған ресми сапары барысында Орталық мешіт жамағатымен жүздесіп, жұма хұтпасын оқыды. Ал ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай қажы Құрбанұлы «Ата-ананың қадірі» тақырыбында уағыз айтты.

Хұтпа оқыған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

«Кез келген адам үшін дүниеде ең қымбат жандар – туған ата-анасы. Бұл қымбатты жандарды Алла Тағаланың Өзі аяттарда дәріптеген. Демек оларға құрметпен, жауапкершілікпен қарау міндеті балаға жүктелген. Сондықтан да Ұлы Жаратушы ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет пен жақсылық жасауды Өзінен кейiнгі кезекке қойған. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Раббың тек қана өзіне құлдық жасауды, әке-шешеңізге жақсы қарауды бұйырды. Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айтпа. Сондай-ақ, оларға зекіме және оларға сыпайы сөйле. Мейіріммен оларға құшақ жайып оларға былай деп дұға жаса «Уа, Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр», деген. Бұл аятта әуелі Аллаға серік қоспауды бұйырғаннан кейін, қоғамдағы жеке адамдардың жауапкершіліктеріне тоқталып, Алладан кейінгі кезекте ата-ананың ақысы бар екені еске салынып, оларға жақсы қарауды бұйырған», – деді.

Жұма намазына имамдық еткен Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мешіт жамағатымен жүздесіп, сұхбаттасты. Жұма намазынан кейін Алматы қаласының бас имамы Еркінбай Шоқай Құран оқып, бұрынғы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бата жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі