Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ФОРУМ ҚҰЖАТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 07.10.2019 1286 0 пікір
БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ФОРУМ ҚҰЖАТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Елордада өтетін ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданатын бірқатар құжаттардың мәтіні талқыланды.

Алқалы жиынға ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, бөлім меңгерушілері мен мамандары қатысты.

Айта кетсек, форумда  төмендегі құжаттар қабылданады: 

1. ҚМДБ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ДІНИ ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ;
2. ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТҚАРАТЫН ДІНИ РӘСІМДЕР ТІЗІЛІМІ;
3. ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ «ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҒЫ» ҰСТАНЫМЫ;
4. ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ;
5. ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНЫҢ ҮНДЕУІ.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы республикалық шараның мәніне айрықша тоқталып, дайындық жұмыстарын ұдайы пысықтап отыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі